Сабақтары және өздік жұмыстарын өткізудің Әдістемелік ұсынымдары оқУ-Әдістемелік қҰралы



Pdf көрінісі
бет30/37
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#57256
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
 
Тақырып: Кеңес өкіметінің және оның орнауы туралы жаңа 
көзқарастар 
Мақсаты: Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауына қатысты жаңа 
көзқарастарды көрсету
Өткізу формасы: жазбаша (тарихнамалық кесте сызып оны талдау) 
Тапсырма: Кеңес өкіметінің орнауына байланысты тарихнамалық
деректерді салыстыра талдау бойынша конспект дайындау. 
Әдістемелік ұсынымдар: Қазан төңкерісіне және кеңес өкіметінің орнауына 
байланысты жаңа көзқарастарды кеңестік тарихнамадағы орнықққан 
тұжырымдармен салыстыра талдаса, тың пікірлердің жаңалығы анық 
көрінеді.Осы орайда кеңестік тарихнамадағы таптық тұрғыда түйінделген 
тұжырмдарды, 
соны 
көзқарастарды 
білдіретін 
еңбектерді 
өзара 
салыстыратын компоративті кесте сызудың маңызы зор. 
Әдебиеттер: Асфендиаров С. История Казахстана. А., 1991.; Байтурсунов А. 
Революция и киргизы // Жизнь национальностей. 1919. 3 августа.; Чокаев М. 
Туркестан под властью советов.-А., 1991.; Cафаров Г.И. Колониальная 
революция. Опыт Туркестана. М.,1921.; Рыскулов Т. Революция и коренное 
население Туркестана. Ч.1. 1917-1919. -Ташкент., 1925.; Голощекин Ф.И. 
Казахстан на путях социалистичекого переустройства. М-А-Ата., 1931.; 
История Казахстана с древнейших времен до наших дней. Под. ред. А. 
Панкратовой. М. Абдыхалыкова. -А-Ата., 1943. 


Тақырып: Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде Отан тарихы мәселелерінің 
зерттелуі 
Мақсаты: тәуелсіз Қазақстан тұсындағы тарихнамалық дамудың үрдістерін 
көрсету. 
Өткізу формасы: жазбаша 
Тапсырма: отандық тарихнама ғылымының жаңа даму сатысының 
ерекшеліктерін көрсететін тарихнамалық деректерді жинақтау. 
Әдістемелік ұсынымдар: қазақстандық тәуелсіз тарихнама ғылымының 
дамуындағы ерекшеліктерді, олқылықтарды, кемшіліктерді көрсететін, 
ғылымның теориялық методологиялық тұстарын жетілдіруге назар 
аударатын тарихнамалық деректерді жинақтауға көңіл бөлген абзал. Сол 
деректердегі айтылған ойлар бойынша конспект құрастырса, болашақта 
ғылымдағы өзекті мәселелерді анық көруге болады. Тәуелсіздік жылдары 
Отан тарихының ежелгі дәуірден күні бүгінге дейінгі кезеңдерінің тарихын 
зерттеудің жай-күйіне шолу жасау Қазақстанда тәуелсіз тарихи және 
тарихнамалық ой-пікірлердің қалыптасуын көрсетіп береді. Дайындалған 
конспектінің негізінде қазақ тарихының дәуірлері мен кезеңдері 
мәселелерінің зерттелуін көрсететін кесте сызу тәуелсіз Қазақстан 
тұсындағы тарихнамалық дамудың үрдістеріне көрнекі түрде көз жеткізуге 
мүмкіндік береді. 
Әдебиеттер: Есмағамбетов К.Л. Қазақтар шетел әдебиетінде. - А., 1998.; 
Мұхатова О. ХІХ - ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы. -А., 2002.; 
Козыбаев И. Историография Казахстана уроки истории. - А-Ата., 1990.; 
Несипбаева К. Р. Англо-американская историография экспансии Российской 
империи в Средней Азии и Казахстане. - А., 1998.; Қозыбаев М. Ақтаңдақтар 
ақиқаты. -А., 1993; Нартбаев Ш.Ж. Қазақстанда тәуелсіз тарихи және 
тарихнамалық 
ой-пікірлердің 
қалыптасуы. 
1991-2003 
жж. 
Тарих 
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған 
диссертацияның авторефераты. - Алматы, 2004. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет