Сабақтары және өздік жұмыстарын өткізудің Әдістемелік ұсынымдары оқУ-Әдістемелік қҰралы



Pdf көрінісі
бет37/37
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#57256
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
treatise18657 (1)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
Қосымша 
 
Тарихнамалық кестелер 
1- кесте 
№ Зерттеуші - 
тарихшы 
Еңбегінің атауы 
Негізгі мазмұны 
1. Ә. Бөкейханов
Қырғыз өлкесінің тарихи 
тағдырлары және оның 
мәдени жетістіктері; 
Қырғыздар (Қазақтар)
Ежелгі 
дәуірден 
ХХ 
ғасырдың бас кезіне дейінгі 
қазақ тарихы, қола, темір 
дәуірлеріндегі 
Қазақстан 
аумағындағы ескерткіштер, 
алғашқы тайпалар, түркі 
дәуіріндегі ұлыстар, Қазақ 
хандығы, 
Ресей 
бодан- 
дығындағы 
кезең, 
орыс 
шаруларының 
қоныс 
ау- 
даруы, т.б. мәселелер қарас-
тырылған. 
2. А. Байтұрсынов 
Ақ жол; Революция және 
қырғыздар 
Қазақ 
халқының 
тәуел- 
сіздігінен 
айырылуының
себептері, Қазан төңкері- 
сінің мәні ашылады. 
3. Ш. Құдайбердіұлы Түрік, қазақ һәм хандар 
шежіресі 
Түркі, 
қазақ 
ру-тайпа 
ларының, 
хандарының 
шежірелері көрсетіледі. 
4. М. Тынышпаев 
Қазақ халқының тарихына 
қатысты материалдар; 
Ұлы қасірет 
Түркі дәуірі, Шыңғыс хан 
кезеңі, 
Қазақ 
хандығы 
кезеңдеріндегі 
Қазақстан 
тарихының 
өзекті 
мәсе- 
лелері, «Ақтабан шұбыр- 
ынды, Алқа көл сұлама» 
жылдарындағы қазақ халқы- 
ның 
қасіретті 
жағдайы, 
жоңғар 
жаулап 
алушы- 
ларына қарсы азаттық күресі 
баяндалады. 
5. Ж. Ақпаев 
Қазақ халқының шығу 
тегі туралы 
Түркі тайпаларының бас- 
тапқы отаны, қазақ ру-


тайпаларының 
құрылымы, 
халықтың қалыптасу мә- 
селелері, «қазақ» сөзінің мәні 
мен 
мазмұны 
туралы 
айтылған. 
 
 
2-кесте 
Қазақстанға орыс шаруларын қоныстандыру тарихының кезеңдері 
 

р/c Автор


Еңбектің атауы 
Кезеңдері
1. 
Т..Шонанұлы Жер тағдыры - ел 
тағдыры 
1.орысқа бағынғаннан бастап ХІХ-
ғасырдың 80-жылдарына дейін.Бұл 
атты казактардың пайдасына, әскерлік 
кісілердің пайдасына деп жер алу 
дәуірі; 
2.80-жылдардың 
аяғынан, 
90-
жылдардан бастап бері қарай Николай 
құлағанға шейін қара шекпенділер 
үшін жер алу дәуірі. 
2. 
Ә.Б.Тұрсынбае
в
Из истории крес- 
тьянского 
пере- 
селения в Казах- 
стане. 
1.Сібір темір жолын салуға дейінгі 
Қазақстанға қоныс аудару қозғалысы. 
2.Сібір 
темір 
жолы 
комитетін 
құрғаннан 
кейінгі 
қоныстандыру 
қозғалысы; 
3.Столыпиндік реакция кезеңіндегі 
қоныстандыру қозғалысы. 
3. 
П.Г.Галузо 
Аграрные 
отношения на юге 
Казахстана 1871-
1914 гг. 
П.Г.Галузо 
қоныстандыру 
саясат- 
ындағы кезеңдерді емес екі сатыны 
көрсетеді. Олар: 
1-саты 
ХІХ 
ғасыр, 
шаруалар 
қоныстандырылуының 
стратегиялық
және 
әскери 
саяси 
мақсаттарда 
жүргізілуі; 
2-саты ХІХ ғасыр-Ресейдегі шаруалар 
бас көтерулерінің өсуіне байланысты 
қоныстандырылудың 
қарқынды 
жүргізілуі. 
4. 
Р.М.Таштемха
нова 
Переселенческая 
деревня 
и 
ее 
взаимосвязи 
с
1.1871-1895 жж. Бұл патша үкіметінің 
қоныстандыруға қайсыбір деңгейдегі 
негативтік қатынастар уақыты; 


казахским аулом 
во второй поло- 
вине ХІХ - начале 
ХХ 
веков.( 
на 
материалах 
Семипалатинской 
области) 
2.1895-1905 жж. Шаруалар қозға- 
лысының өсуіне және еркін шаруалар 
қоныстануына байланысты, сондай-ақ 
патша үкіметінің қоныстануға тиым 
салу саясатынан оны марапаттау мен 
ресми қолдау саясатына өтуге мәжбүр 
болуы; 
3. 1906-1917 жж. - патша үкіметінің 
1905-1907-жылдардағы 
буржуазия- 
лық-демократиялық революцияның 
жеңілуінен 
кейін 
шиеленіскен 
аграрлық қайшылықтарды қалайда 
шешуге 
тырысуымен 
және 
шаруаларды еуропалық Ресейден шет 
аймақтарға 
жаппай 
жер 
аудару, 
столыпиндік жер реформасын іс 
жүзіне асырумен сипатталады. 
5. 
Ғ.А.Меңілбаев Қоныс 
аудару- 
шылар мекендері 
мен қазақ ауыл- 
дары арасындағы
қарым-қатынас-
тардың 
өзекті 
мәселелері (1867-
1914 ж.ж.) 
1.1867-1897 ж.ж. 
2. 1897-1905 ж.ж. 
3.1906-1911 ж.ж. 
4.1910 ж. желтоқсан - 1917 ж. 
6. 
О.Х.Мұхатова ХІХ-ХХ ғасырлар- 
дағы 
Қазақстан 
тарихнамасы 
1.1861-1890 ж.ж. - Ресей шаруалар- 
ының еркін түрде қазақ даласына 
көшіп келе бастауы; 
2.1891-1905 ж.ж. - қоныстандырудың 
«заңды» түрде жүруі; 
3.1906-1917 ж.ж.- қоныстандырудың 
бұрын соңды болмаған деңгейде 
күшеюі. 


Тест сұрақтары 
1. Тарихнама - бұл 
А) тарихи оқиғалар мен үдерістерді зерттейтін ғылым саласы; 
В) тарихи деректерді оқып-үйренетін ғылым саласы; 
С) тарих ғылымының тарихын зерттейтін ғылым саласы; 
Д) тарихи тұжырымдамаларды талдайтын ғылым саласы; 
Е) тарихтың методологиясын талдайтын ғылым саласы. 
 


2. Тарихнама ғылымының мақсаты - 
А) тарихнамалық фактілерді жинап, оларға талдау жасау; 
В) тарихнамалық деректерді жинақтап, жүйелеу; 
С) белгілі бір ғылыми мәселенің зерттелу деңгейін анықтап, тарихнамалық 
деректердің мән-мазмұнын, зерттелу бағыттары мен үрдістерін айқындау, 
объективті түрде зерттелмеген тұстарын тану; 
Д) тарихнамалық деректерді саяси-әлеуметтік жүйелер мен идеологияларға 
тәуелділігін анықтау; 
Е) тарихнамалық фактілердің тарихи оқиғалар мен үдерістерді зерттеуінің 
деңгейін сараптау, ұтымды тұстары мен олқылықтарын айқындау. 
3. Тарихнама ғылымының жалпыметодологиялық зерттеу принциптері 
А) тарихилық, объективтілік, әлеуметтік; 
В) жүйелілік, партиялық, тарихнамалық; 
С) біртұтастық, танымдық, өркениеттілік; 
Д) таптық, партиялық, саяси; 
Е) тарихилық, өркениеттілік, жүйелілік.
4. Кеңестік кезеңдегі қазақстандық тарихнамашы ғалымдар: 
А) Г.Ф. Дахшлейгер, Д.И. Дулатова; 
В) К. Нұрпейіс, Б.А. Төлепбаев; 
С) Ә.Б. Тұрсынбаев, Е. Бекмаханов; 
Д) Х. Маданов, Б. Сүлейменов; 
Е) Б.Е. Көмеков, Ә.Х. Марғұлан. 
5. Тарихнамалық факт – бұл
А) тарихи оқиғалар мен үдерістерден ақпарат беретін мәлімет; 
В) тарихи білімдер туралы ақпарат беретін мәлімет; 
С) тарихи дәуірлерден хабар беретін мәлімет; 
Д) статистикалық мәліметтердің жиынтығы; 
Е) археологиялық жәдігерлер туралы мәлімет. 
6. Тарихнамалық фактінің болмысын анағұрлым дәл көрсетіп берген ғалым - 
А) Е.М. Жуков; 
В) А.С. Лаппо-Данилевский; 
С) А.Е. Топольский; 
Д) А.М. Сахаров; 
Е) М.В. Нечкина. 
7. «... тарихнамалық дерек ұғымына бойында тарих ғылымының тарихы 
бойынша мәлімет жинақтаған кез келген тарихи деректі жатқызуға болады» 
деген пікірдің авторы - 
А) И.Д. Ковальченко; 
В) М.А.Варшавчик; 
С) С.О. Шмидт; 


Д) Е.Н. Городецкий; 
Е) Л.Н. Пушкарев. 
8. Тарихнамалық деректану - бұл 
А) тарихи деректерді сыннан өткізу туралы ережелер жүйесі; 
В) деректерді ғылыми талдаудан өткізу туралы тұжырымдама; 
С) тарихнамада қолданылатын деректерді іздеп табудың заңдылықтары, 
оларды өңдеу және пайдалану туралы білім жүйесі; 
Д) тарихи деректерді ғылыми айналымға түсіру туралы білім; 
Е) тарихнамалық деректерді талдау жүйесі. 
9. Тарихнамалық деректер - 
А) тарихнама пәні бойынша анықталатын және тарих ғылымындағы үрдістер 
туралы, оның жай-күйінен ақпарат беретін тарихи деректер; 
В) тарихи оқиғалар мен үдерістерден мәлімет беретін деректер; 
С) тарихи деректердің типі; 
Д) тарихнама пәнінен мәлімет беретін деректер; 
Е) тарихнамалық заңдылықтар туралы мәлімет беретін деректер. 
10. Тарихнамалық деректерді зерттеуге сүбелі үлес қосқан ғалым - 
А) С.О. Шмидт; 
В) М.В. Нечкина; 
С) Н.Н. Маслов; 
Д) М.А. Варшавчик; 
Е) В.П. Наумов. 
11. Басты тарихнамалық деректер - 
А) тарихшының еңбектері; 
В) мұрағат құжаттары; 
С) ауызша тарих айту деректері; 
Д) мерзімді басылым және статистикалық материалдар; 
Е) археологиялық жәдігерлер. 
12. Тарихнаманың функциялары: 
А) методологиялық, әдістемелік, талдау; 
В) жүйелеу, бағалау, болжау; 
С) синтездеу, танымдық, методологиялық; 
Д) танымдық, теориялық-методологиялық, болжамдық; 
Е) әдістемелік, болжамдық, сараптамалық. 
13. Тарихнамалық зерттеудің мақсаты - 
А) жаңа теориялық ұстанымдарды орнықтыру; 
В) тарих ғылымының даму заңдылықтары мен үрдістерін айқындау; 
С) тарихи ғылыми тұжырымдар қалыптастыру; 
Д) ғылымның методологиясын жетілдіру; 


Е) тарихи ой мен тарихи білімді дамыту. 
14. Тарихнамалық зерттеудің түрлері: 
А) мерзімдемелік, тақырыптық, проблемалық, биографиялық; 
В) дербес, біртұтас, аяқталған; 
С) диссертация, монография, ғылыми мақала; 
Д) ғылыми есеп, библиография, монография; 
Е) тарихшының еңбектері. 
15.Отандық тарихнама ғылымында тәуелсіздік жылдары Қазақстан тарихы 
мәселелерін шетелдік тарихнама бойынша зерттеген ғалымдар: 
А) Л.К. Есмағамбетов, Қ. Атабаев; 
В) Т. Омарбеков, М. Қойгелдиев; 
С) Қ.Р. Несіпбаева, Р.М. Таштемханова, Х.А. Сутеева; 
Д) О.Х. Мұхатова, Т.Ә. Төлебаев, Г.М. Кәкенова; 
Е) М.Х. Әбусейітова, С.Ф. Мажитов. 
16 Кеңестік тарихнамада әлеуметтік принцип неге негізделді? 
А) тап күресіне; 
В) кеңестік идеологияға
С) тоталитарлық жүйеге; 
Д) партиялық номенклатураға;
Е) пролетарлық интернационализмге. 
17. Қазақстанда тарихнама ғылымы қашан қалыптасты? 
А) кеңестік кезеңде; 
В) тәуелсіздік жылдары; 
С) орта ғасырларда; 
Д) ежелгі дәуірде; 
Е) жаңа заманда. 
18. «Тарих - адам қызметінің жемісі» методологиялық ұстанымының авторы

А) М. Қозыбаев; 
В) Т. Омарбеков; 
С) М. Қойгелдиев; 
Д) К. Нұрпейіс; 
Е) Ж. Қасымбаев. 
19. Тарихнаманың пәні - 
А) тарихнамалық деректерді тану; 
В) тарихи деректерді тану; 
С) тарихи үрдістердің алмасуын тану; 
Д) тарихи білімнің пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын тану; 
Е) тарихи оқиғалар мен үдерістердің дамуын тану. 


20. Ғұн тайпаларының тарихын жүйелі зерттеген ғалым - 
А) Н. Аристов; 
В) Л.Н. Гумилев; 
С) Е.Грум-Гржимайло; 
Д) А.И.Левшин;
Е) Н.И.Гродеков. 
21. Белгілі бір елдің саяси және мәдени өмірін қамтыған анағұрлым
жетілдірілген тарихи шығарма дайындаған тарихшы -
А) Геродот; 
В) Полибий; 
С) Тацит; 
Д) Сыма Цян ; 
Е) Плутарх. 
22. Орта ғасырлардағы түркі және монғол тайпалары мен ұлыстарының 
тарихынан хабар беретін бірқатар деректік тұрғыдағы еңбек - 
А) Фазлуллах Хамадани Рашид ад-Диннің «Жами ат-тауарих» еңбегі; 
В) Гумилевтің Л.Н. «Хунну» іргелі зерттеуі; 
С) Мұхаммед Хайдардың “Тарих и Рашиди” шығармасы; 
Д) Әбілғазының “Түріктер шежіресі” ; 
Е) Қадырғали Қосымұлы ның «Тарихи Ораз мұхаммеді». 
23. Орта ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азияның тарихын зерттеуде
ғылыми айналымға нумизматика, эпиграфика, этнография, археология 
жәдігерлерін ендірген белгілі орыс ғалымы -
А) А.Н.Бернштам; 
В) А.Ю.Якубовский; 
С) С.П.Толстов; 
Д) С.Г.Кляшторный; 
Е) В.В.Бартольд. 
24. Монғол жаулап алуына байланысты жаңа көзқарастардың қалыптасуына 
ықпал еткен тарихшы
А) Ә.Хасенов; 
В) Н.Мыңжан; 
С) З.Қинаятұлы; 
Д) С.Жолдасбайұлы; 
Е) Т.И.Сұлтанов. 
25. Қазақстанның Ресей құрамына кіру проблемасын “жаулап алу”, 
“бағындыру” терминдері арқылы империяның боданына, отар еліне айналу 
тұрғысындағы тың тұжырымдама қалыптастырған тарихшы-ғалым -


А) М.Ж. Әбдіров; 
В) П.Г.Галузо; 
С) М.Қ. Қозыбаев; 
Д) И.Ф.Ерофеева; 
Е) Ж.Қасымбаев. 
26. Қазақтардың отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресі тарихын түбегейлі 
зерттеуге үлес қосқан ғалымдар: 
А) Ғ.Тоғжанов, Ә.Б.Тұрсынбаев, М.Х.Асылбеков; 
В) Б.Сүлейменов, П.Г.Галузо; 
С) Ж.Қасымбаев, Ж.О.Артықбаев, С.Игібаев; 
Д) А.Ф.Рязанов, М.П.Вяткин, Е.Бекмаханов;
Е) Г.Ф.Дахшлейгер, Д.И.Дулатова. 
27. Алаш қозғалысы тарихының тарихнамасын алғашқылардың бірі болып 
талдаған ғалым-тарихшы - 
А) М. Қозыбаев; 
В) К. Нұрпейіс; 
С) Д. Аманжолова; 
Д) М. Қойгелдиев; 
Е) Е. Бекмаханов. 
28. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихының тарихнамасын арнайы зерттеп, 
елеулі еңбек жариялаған ғалым - 
А) Д.И. Дулатова; 
В) П.Г. Галузо; 
С) Г.Ф.Дахшлейгер;
Д) Е.Б. Бекмаханов; 
Е) А. Нүсіпбеков. 
29. Қазақстанда кеңес өкіметінің мәні мен орнауы туралы ұлттық тұрғыдағы 
пікір танытқан ұлт зиялысы - 
А) М. Шоқай; 
В) С. Сейфуллин; 
С) М.Дулатов; 
Д) С. Асфендияров; 
Е) Ғ.Т оғжанов. 
30. Көне түркі жазбаларына үлкен мән беріп, олардың мазмұнын ашуға ат 
салысқан қазақ ғалымы және оның еңбегінің атауы
А) Ш. Уәлиханов «Жетісу тарихының очерктері»; 
В) С. Асфендияров «Қазақстан тарихы»; 
С) М.Тынышпаев 
«
Қырғыз қайсақ халқының тарихы жөніндегі материалдар»; 
Д) Ә. Марғұлан «Таңбалы тас жазбалары»;
Е) Ә.Бөкейханов «Қырғыздар» («Қазақтар»). 


31. Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауына байланысты қндай басты 
тұжырымдамаларды атауға болады? 
А) шовинистік, таптық, ұлттық; 
В) демократиялық, маркстік-лениндік; 
С) ұлттық, кеңестік, шетелдік; 
Д) таптық, өркениеттік, циклдық; 
Е) шовинистік, еуроцентристік. 
32. Қазақ тарихын ұлттық тұрғыда оқып-үйрену мен зерттеуге қатысты 
қабылданған мемлекеттік тұжырымдаманы атаңыз 
А) Қазақстанда тарихи сана қалыптастыру; 
В) Қазақстан тарихын оқыту туралы; 
С) Қазақстан тарихын қайта қарау және зерттеу; 
Д) Ұлттық мүддені жаңғырту; 
Е) Тарихи білім мен ойды дамыту. 
33. «Ел тағдыры- жер тағдыры» атты еңбектің авторы - 
А) Ә. Бөкейханов; 
В) А. Байтұрсынов; 
С) Т. Шонанұлы; 
Д) Б.Сүлейменов; 
Е) М. Шоқай. 
34. Қазақ Хандығының құрылуына байланысты отандық тарих ғылымындағы 
пікірлер
А) ортақ; 
В) әртүрлі; 
С) қалыптаспаған; 
Д) ғылыми емес; 
Е) аталғандардың бәрі. 
35. Отандық тарих ғылымында тарихы барынша терең зерттелеген кезең - 
А) ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың бас кезі; 
В) ХУ-ХУІІІ ғасырлар; 
С) ежелгі дәуір; 
Д) түркі кезеңі; 
Е) кеңестік кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет