Сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың Әдістемесі



бет34/106
Дата21.07.2023
өлшемі3,53 Mb.
#104605
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   106
Байланысты:
sagymbekova-bastauysh-synyptardyn

Қорытынды.


  • Үйге тапсырма: №4.

  • Бағалау. Қолдарындағы фигуралар арқылы ӛздеріне-ӛздерін бағалату.

    Тӛртінші сабақ

    Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту тәсілдері.


    І-нұсқа

    Сабақтың мақсаты:


    Білімділік: 7 санын қосу және азайту тәсілдері жайлы оқушылардың білімдерін бекіту.
    Дамытушылық: Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, оқушылардың білімдерін тексеру. Халқымыздың ұмыт болған салт-дәстүрлерін жалғастырып, үйретіп, құрметтеуге тәрбиелеу.
    Тәрбиелік: Оқушыларды таза, дұрыс жазуға машықтандыру.
    Сабақтың тҥрі: Саяхат сабақ.
    Сабақтың кӛрнекілігі: «Жеті ата» ауылының сызбасы, қоржын, ағаш суреті.

    Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.


    II. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

    • Балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ. Қазір біз "Жеті ата" ауылына саяхат жасаймыз.

    • Саяхатқа шығу үшін ӛзімізге кӛлік әзірлеп алайық. Бұрын ата- бабаларымыз техника дамымаған, машина болмаған кезде кӛлік ретінде нені пайдаланған?

    • Атты, түйені, ӛгізді.

    • Сендер қайсысын қалайсыңдар?

    • Атты.

    • Жарайды, онда атты жолға әзірлейік.

    • Атты қалай әзірлейміз?

    • Атты шанаға, не арбаға жегу керек.

    • Қазір кӛктем айы, жер батпақ, жол ауыр. Ал атты арбаға жеккенде қандай жабдықтар керек?

    • Қамыт, доға, ершік, белкӛтерме, делбе, арба, алқобы. "Ата " ауылына келдік.

    Оқулықпен жұмыс.


    1. «Ата» ауылының тапсырмасы: Екі оқушы тақтада орындайды: 1 + 7 = 8 3 + 7 = 1
    7 + 1 = 8 7 + 3 = 10
    2 + 7 = 9 0 + 7 = 7
    7 + 2 = 9 7 + 0 = 7.
    2. «Әке» ауылының тапсырмасы:
    7 – 1 = 6 7 - 3 = 4 7 – 5 = 2
    7 – 2 = 5 7 – 4 = 3 7 – 6 = 1

    • Ал, балалар, жер батпақ, жол ауыр, құлап қалмайық.(Бәріміз арбаға жӛнделіп отырайық).

    Оқушылар партаға жӛнделіп отырады.

    • Нұржан, атты айда.

    • Айт, шу жануар!

    • Міне, «Бала» ауылына да келіп қалдық.

    «Әке» ауылының да тапсырмасын жақсы орындадық.

    • Ал, балалар, бағанадан екі ауылға саяхат жасап, шаршаңқырап қалған болармыз, енді ӛзіміздің сергіту сәтін жасап алайық:

    Бас бармағым - алғашқы, Балаң үйрек – жалғасы. Ортан терек - ағасы, Шылдыр шүмек – нағаш. Кішкентай бӛбек - балақан, Бәріне ортақ - алақан.
    3. «Бала» ауылының тапсырмасы (ӛзіндік жұмыс): Кӛк кесінді - 9 см
    Қызыл кесінді - 7 см Жасыл кесінді - 3 см.
    Оқушылар ӛздері кесіндіні ӛлшеп салыстырады.
    9 см - 7 см = 2 см
    7 см + 3 см = 10 см
    2 см < 10 см.
    4. «Немере» ауылының тапсырмасы: Есеп құрастыр және шығар:
    Үлкен қасық - 10 ? артық.
    Кіші қасық - 7 10 – 7 = 3.
    Жауабы: Үлкен 3 қасық артық. (Талданып, 1 оқушы тақтаға шығарады.)
    5. «Шөбере» ауылының тапсырмасы:

    • Қане, балалар, арбаға жӛнделіп отырайық, әлі де баратын ауылдарымыз бар, уақыт болса тақап қалды.

    • Нұржан, айда атты!

    • Айт, шу жануар!

    Міне, кӛзді ашып-жұмғанша «Шӛбере» ауылына да келіп қалыппыз. Бұл ауыл сендерге «сынақ дорбасын» яғни қоржын әзірлепті.(Қоржынға түсінік беру.) Қоржынның ішіндегі сұрақтарға жауап берсек қана, бұл ауылға кіре аламыз.
    Үлестірмелі тапсырма


    7 күн

    7 жұт

    7 жоқ

    7 ғалам

    Бүгін

    Құрғақшылық

    Жерде ӛлшеуіш жоқ

    Шығыс

    Ертең

    Жұт

    Аспанда тіреуіш жоқ

    Батыс

    Бүрсігүні

    Ӛрт

    Таста тамыр жоқ

    Оңтүетік

    Арғы күн

    Оба

    Тасбақада талақ жоқ

    Солтүстік

    Ауыр күн

    Соғыс

    Аллада бауыр жоқ

    Аспан

    Соңғы күн

    Топан су

    Аққуда сүт жоқ

    Жер

    Азына

    Зілзала

    Жылқыда ӛт жоқ

    Жер асты



    «Шөбере» ауылы:
    «Шӛбере» ауылынан шығып, «Шӛпшек» ауылына бет алдық. Арбада тоңып қалмау үшін, «Жауабы кімде?» ойынын ойнаймыз.
    «Немене» ауылының шығармашылық тапсырмасы:

    Екі саяхатшы ӛзен жағасына келді. Жағадағы қайық бір кісілік екен. Олар ӛзеннен ӛтіп, саяхаттарын жалғастырды. Саяхатшылар ӛзенннен қалай ӛтті?



    Мақсаты: Оқушыларды жаттығу шартындағы логикалық түйінді таба білуге үйрету.
    Нұсқа: Тақтада схемалы түрде ӛзенді сызып, саяхатшылардың ӛзеннің жағасына келуі мәселесін талдауға алу керек. Мұны мынадай сұрақтар арқылы жүзеге асыруға болады:

    • Балалар, ӛзеннің неше жағалауы бар? (2.)

    • Ал, жаттығуда саяхатшылардың ӛзеннің қай жақ жағалауына келгендігі айтылған ба? (Жоқ.)

    • Саяхатшылардың ӛзен жағасына қалай келуі мүмкін? (Екеуі бірге бір жақ жағаға немесе екеуі қарама-қарсы екі жағаға келуі мүмкін.)

    • Жаттығу шартында бұл туралы айтылған ба? (Жоқ.)

    Суретердің әрқайсысына қатысты талдаулар жүргізу барысында жаттығу талабына жауап беруге болады.





    Жауабы:

    Саяхатшылар қарама-қарсы жағаға келген деп алсақ, олардың қайық тұрған жағалаудағысы ӛзеннен ӛтеді. Сонда 2-інші саяхатшыға қайықты
    пайдаланып, ӛзеннен ӛтуге мүмкіндік туады.

    • Міне, балалар, «Немене» ауылының да тапсырмасын орындадық. Енді бәріміз сыныпқа қайтайық.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   106




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет