Дүкеннен кеп сабын алдым, Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі, Қанша болды, қолда бары?
Жауабы: Алты.
III. Жаңа сабақ.
Бүгінгі жаңа сабағымыз «4-тіқосукестесі».
Шалқанды жұлып ала алмадық. Енді әжені шақырайық та, кӛмектесейік.
Ол үшін кітаптың 90-бетіне қарап, №1 тапсырманы орындаймыз.
Кітаппен жұмыс.
№1. Балалар қосылғыштарының бірі 4 болатын қосындыларды, сосын азайтқышы 4 болатын айырмаларды айтады. Мәндерін тапқызу:
0 + 4 = 4
4 – 4 = 0
1 + 4 = 5
5 – 4 = 1
2 + 4 = 6
6 – 4 = 2
3 + 4 = 7
7 – 4 = 3
4 + 4 = 8
8 – 4 = 4
5 + 4 = 9
9 – 4 = 5
6 + 4 = 10
10 – 4 = 6.
Дәптерменжұмыс. 4 санын кӛркем етіп жаздырту.
1-тапсырманы дәптерге орындау. Шалқан жұлынбады.
Енді, қызын кӛмекке шақы- рып соған кӛмектесейік.
Ол үшін №2 тапсырманы орындаймыз. Тақтада кесте сызылған. Сол кестені толтырамыз. Тақтамен жұмыс.
4
5
6
+ 4
Шалқан жұлынбады. Енді демалып, сергіту сәтін жасап алайық.
Сергітусәті(ӛлең айту):
Біздің келер шамамыз, Бестен бірді аламыз.
Бірді қосып екіге, Жауабын тез табамыз.
Біздің келер шамамыз, Қосуға біз данамыз.
Екі амалды тең білер, Ӛте зерек боламыз.
Электрондыоқулықпенжұмыс. Шалқанды жұлып ала алмадық. Кӛмекке итті шақырайық:
Ол үшін мына тақтаға қараңдар. Тақтада кӛк пен қызыл кесінді сызылған. Сендер кітаптарыңнан осы кесінділерді сызғышпен ӛлшеп қайсы ұзын, қайсы қысқа екенін айтыңдар. Қысқа кесіндіден 4 см ұзын кесінді сызамыз. Ұзын кесіндіден 5 см қысқа кесінді сызамыз.
Дәптермен жұмыс.
6 см + 4 см = 10 см
10 см – 5 см = 5см
Ит қосылса да жұлып ала алмадық. Енді мысықты кӛ- мекке шақырайық.
Топтастыру
Шарты Сұрағы
Есеп
Шешуі Жауабы
Оған кӛмектесу үшін №4 есепті шығарамыз. Балаларға есепті оқып беремін. Есепті талдау.Есепте не туралы айтылған? Сапар неше дәптер сатып алды? Ақан туралы не дейді? Есепте нені тап дейді? Қандай амалмен шығарамыз?
Шарты: С – 10 дәптер
А - ? 4 дәптер кем Шешуі: 10 – 4 = 6 (д).
Жауабы: 6 дәптер.
Шығармашылық тапсырма(оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған жаттығу). Бірдей екі балапанды тап:
Мақсаты: Оқушыларды салыстыру операциясы арқылы бірнеше заттар ішінен бірдей ерекшеліктері бойынша бірнешеуін бӛліп алуға үйрету.
Нұсқау:Алдымен балапандардың кӛздеріне назар аудару талап етіледі. Осының барысында бір балапанның ӛзгелерінен басқа екендігі анықталады. Осыдан кейін олардың ауыздарын салыстыру арқылы тағы бір балапан алынып тасталынады. Соңында гүлдерді салыстыра отырып бірдей екі балапан табылады.
Жауабы:Бірінші жолдағы бірінші және екінші жолдағы екінші балапандар бірдей.
ІV.Сабақтықорыту. Мысық та жұла алмады. Енді кӛмекке тышқанды шақырайық.
Тақырыпқа қатысты ӛрнектерді ішіне, қалғанын сыртына жазады.
- Ол үшін мына ауызша есептеуді шығарамыз.
Тал басында тізіліп, 10 жапырақ тұр еді. Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті біреуі. Ізінше оның жұлынып Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп, Жапырақтың нешеуі?
Шешуі: 4 жапырақ.
- Міне, тышқанға кӛмектесіп, шалқанды жұлып алдық.
Балалар, бірлесе отырып ұйымшылдықпен жұмыс жасаған дұрыс екен. Сондықтан тату болсақ барлық қиыншылықты жеңеміз.
Күнделікті енді ашайық, Үй тапсырмасын жазайық.
Математикадан алған білімді, Ұмытпай есте сақтап алайық.