Сабақтарының толық МƏтіні пəннің коды жəне толық атауы, циклы



бет11/24
Дата03.04.2023
өлшемі128,49 Kb.
#78721
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

Ұсынылатын əдебиеттер:


  1. Президент Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2010ж.

  2. Н.Назарбаев. Тарих Толқынында. Алматы “Атамұра” 1999ж.

  3. Сыздықова С.М. Қазақстан: адамның жеке басы мен еркіндігін қорғау саясаты. А., 2010.

–211 б.

  1. Сыздықова С.М. Қазақстан Республикасының Конституциясы – азаматтардың ар-ождан еркіндігінің кепілі. // «Еуразия: халықтар, мəдениеттер, қауымдар» атты Төртінші халықаралық Еуразия ғылыми форумының еңбектері (Астана, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, 2005, 7-8 қазан); - Б.204-207. – 471 б.

  2. Бижанов А.Х. Республика Казахстан: Демократическая модернизация общества переходного периода. Алматы. Онер,1997.

  3. Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

  4. Макиавелли Н. Государство. М.,1990г.

  5. Джон Локк. Басқарудың екі трактаты. А.,2004ж.



8- тақырып. Саяси режимдер Дəріс мақсаты:


  1. Саяси режим түсінігі мен түрлері.

  2. Тоталитаризм тарихи жəне саяси феномен ретінде жəне оның ерекшеліктері.

  3. Авторитарлық саяси режим жəне оның формалары.

  4. Демократияның негізгі теориялары мен модельдері.

Дəріс мазмұны:


Саяси режим саяси жүйенің де, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның да мəнді сипаттамасы.
Саяси режим тұлғаның саяси шынайылықты жəне оның проблемаларын түсінуіне шешуші ықпалын тигізетін саяси еркін қалыптастыра отырып, белгілі бір деңгейде тұлғаның əлеуметтік-саяси белсенділігін шектейді. Сондықтан да, саяси режим – абстрактілі категория емес, ол шынайы əлеуметтік-саяси мазмұнға ие. Ол сонымен бірге адамның ішкі дүниесін, оның құндылық бағдарларын қалыптастырады.
Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне, олардың саяси басымдылықтарына, биліктік əсер етудің əдістерін, құралдарын таңдауына ықпал етеді.
Саяси режимнің қызмет етуі қоғамның саяси мəдениетіне, адамдардың саяси тəжірибесіне, халықтың діліне айтарлықтай əсер етіп, тұлғаның қандай да бір саяси режимді қалауын қалыптастырады.
Саяси режим деп саяси билікті жүзеге асыруға қолданатын əдіс-тəсілдердің жиынтығын жəне қоғамдағы еркіндік деңгейін айтамыз.
Қазіргі кезде саяси режимдерді үлкен екі топқа бөледі: демократиялық жəне антидемократиялық режимдер.
Демократия көне грек ойшылы Геродоттың еңбегінде кездеседі. Жалпы ежелге дəуірдің ойшылдары демократияны биліктің нашар түрі деп сынаған.
Демократиялық режимге халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген жəне ол үшін қажетті жаңдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тəртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі. Саяси мəселелер ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтін тетіктер жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқыедалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.
Сонымен қатар, демократиялық режим мынадай белгілермен сипатталады: Билік көзі халықта;
Сөз бостандығы;
Сайлаудың ашық жүргізілуі; Азаматтардың тең құқықты болуы; Азшылықтың көпшілікке бағынуы;
Демократиядағы ең негізгі фундамент ретінде сайлауды айтуға болады. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулықсыз жүргізілсе жəне оны шынайы жүргізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынай сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар əр түрлі топтар мен жеке тұлғалардың болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, онда сайлау жарыс арқылы өтпегендігі.
Демокатияның негізгі тұжырымдамалары: плюралистік (М.Вебер, Г. Ласки жəне басқалары); ұжымдық (К. Маркс) жəне либералистік (Дж. Локк, Ш. Монтескье)
Антидемократиялық режим түрлеріне тоталитаризм жəне авторитаризм жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет