Сабақтарының толық МƏтіні пəннің коды жəне толық атауы, циклы



бет8/24
Дата03.04.2023
өлшемі128,49 Kb.
#78721
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

Ұсынылатын əдебиеттер:


  1. Сəрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мəдениеті. А.,2000ж.

  2. Сəрсенбаев Т.С. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. А.,1990ж. 3. Қазақстан-2030. А., 2001ж.

  1. Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер жəне ұлт саясаты. Семей, 1995.

  2. Сыздықова С.М. Қазақстан: адамның жеке басы мен еркіндігін қорғау саясаты. А., 2010.

–211 б.


4- тақырып. Саяси билік: мəні мен жүзеге асыру механизмдері Дəріс мақсаты:


    1. Биліктің мəні, оны анықтаудағы түрлі əдістер.

    2. Саяси биліктің негізгі элементтері.

    3. Қазақстанның билік жүйесін демократияландыру.

Негізгі ұғымдар:


Атқарушы билік, билік, биліктің тармақталуы, брифинг, вето, вотум, демогогия, заң шығарушы билік, интерпеляция, конституциялық сот, конфликтология, қысымшы топтар, легитимділік, лобби, лояльдық, нигилизм, обструкция, оппазиция, парламент, парламенттік республика, санкция, саяси бостандықтар, сенат, сот билігі, толеранттық, узурпация, ультиматум.

Дəріс мазмұны:


Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты жəне саясаттың, саяси институттар мен барлык саясат əлемінін мəнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі,саясаттың негізгі мəселесі —билік, ал мазмұны
— билік үшін күрес жəне билікті жүргізу. Американың əйгілі əлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономикалык жүйеде акша кандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Билік жөнінде ғалымдар арасында əр түрлі аныктамалар мен тұжырымдамалар бар. 1. Телеологиялық анықтама; 2. Бихевиористік анықтама; 3. Инструменталистік анықтама; 4. Структуралистік анықтама; 5. Конфликтілік анықтама жəне т.б. Сонымен, біз билік туралы ғалымдардың арасында ортак пікір, анықтама жок екенін байкадық. Дегенмен, ғылым болғандыктан аныктама беріледі. Мысалы, "Философиялык энциклопедиялык сөздікте" билік туралы былай делінген: "Сөздің жалпы мағынасында билік өз еркінде жүзеге асыруға кабілетгілік пен мүмкіндік, адамдардын жүріс-тұрысы, іс-əрекетіне қайсы бір амал-əдістер — бедел,
құқық күштеу аркылы шешуші ықпал жасау" ("Философский энциклопедический словарь ". М., 1983, 85-бет). Біздінше, билік деп біреудін екіншілерге əмірін жүргізіп, олардың іс-əрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.
Билік адамзат коғамымен бірге пайда болады жəне оның даму барысында бола бермек. Ол ең алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Ол үшін саяси биліктін қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін əдіс-құралдары бар. Биліктің жүзеге асырылу тəсіліне жəне қүрылысына карай баскару түрі жəне мемлекеттік қүрылысы болып бөлінеді.
Басқару түрі жогарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігіи көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялык жəне республикалық болып екіге болінеді.
Билік басқару түрімен катар кұрылысына карай да ерекпіеленеді. Мемлекет кұрылысы орталық өкімет пен жергілікті биліктің міндеттер өрісінің аракатынасын білдіреді. Олунитарлық, федеративтік жəне конфедеративтік болып үш түрге бөлінеді.
Билік мəселесін қарастырғанда саяси биліктің "субъектісі" жəне "иелік етуші" деген ұғымдарға назар аударуға тура келеді.
Билік саяси жəне мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мəселенің үлкен астары бар. Себебі, бүрынғы кеңестік дəуірде бүл үғымдарды тенестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенін барлық құрылымын мемлекет теңдіруінің тəсілдемелік негізі болды.
Саяси билік таптык, топтык жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті зандарды шығаруға жеке-дара кұкығы бар зандар мен ұйымдарды сактау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет