Сабақтарының толық МƏтіні пəннің коды жəне толық атауы, циклы



бет20/24
Дата03.04.2023
өлшемі128,49 Kb.
#78721
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Ұсынылатын əдебиеттер:


  1. Сəрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мəдениеті. А.,2000ж.

  2. Сəрсенбаев Т.С. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. А.,1990ж.

  3. Адам жəне саясат. А., 1998ж 4. Қазақстан-2030. А., 2001ж.

  1. Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында Президент Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2007ж.

  2. Сарсенбаев Т. С. Государственная идеология и политический плюрализм. // Мысль. - 1996.-№5.

  3. Сəрсенбаев Т.С. Ұлтаралық қарым-қатынастар саясаты мен мəдениеті. А.,2000ж.

  4. Сəрсенбаев Т.С. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. А.,1990ж.

  5. Сыздықова С.М. Қазақстан: адамның жеке басы мен еркіндігін қорғау саясаты. А., 2010.

–211 б.

  1. Президент Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2011ж.

  2. Əбсаттаров Р.Б.Əлеуметтік этникалық процестер: теория мен практика мəселесі. А., 1993ж.

  3. Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер жəне ұлт саясаты. Семей, 1995.



13- тақырып. Саяси даму жəне модернизация.


Дəріс мақсаты:

    1. Саяси даму теориялары

    2. Саяси модернизация түсінігі.

    3. Саяси модернизацияның мақсаты жəне критериялары,

    4. Қазақстан қоғамын демократияландыру мəселелері.

Негізгі ұғымдар:


Конституция, демократия, декларация, егемендік, либерализм, резиденция, республика, сайлау жүйесі, сайлау құқығы, сайлау науқаны, референдум, сайлаушы, саммит, тұжырымдама, хартия, центризм, электорат, мандат, манифест, мораторий, можаритарлық жүйе, петиция, президент, пресс-конференция.

Дəріс мазмұны:


Саяси даму - саяси жүйенің қоғам мен мемлекетті басқару ісіндегі элита мен қатардағы азаматтардың өздерінің ерекше қызметтерін орындауын сақтап, əрі ол мүмкіндіктерді үлғайта отырып өзгеріп отырған əлеуметтік жағдайға икемделуі. Ал екінші бір дерекке сүйенер болсақ, саяси даму - көп-қырлы процесс, оның барысында əр түрлі саяси күштердің өзара қарым-қатынасы саяси мінез-құлықтағы, саяси мəдениеттегі, қоғам саяси жүйесіндегі өзгерістерге əкеледі. Сонымен, саяси даму бұл - саяси жүйе мен басқару тəртіптерінің эволюциясы, оның белгілері: басқару құрылымының жағдайы, мемлекетпен қарым-қатынаста азаматтардың араласу деңгейі жəне тағы басқа мəселелердің теориялық түрғыдан шешілуі. Саяси даму мəселесі Ф.Теннис, М.Вебер, Т.Парсонс сияқты зерттеушілер еңбектерінде дамытылған. Саяси даму саяси жүйенің дəстүрлі қоғамнан қазіргі кезеңдегі қоғамға өту процесі ретінде қарастырылды. Дəстүрлі қоғам қарапайым өндіріске негізделген аграрлы, жабық əлеуметтік құрылым мен азаматтардың жеке мəртебесі төмен, мемлекеттік қатаң басқару тəн қоғам ретінде сипатталды. Ал қазіргі кезендегі қоғам ашық əлеуметтік құрылым мен билікті ұйымдастыруда тиімді қоғам ретінде түсіндіріледі.
Қазіргі саясаттану ғылымында саяси құрылым, ережелер мен институттар қаншалықты жаңа əлеуметтік, экономикалық жəне тағы басқа да мəселелерді шешуге жылдам, əрі икемді қимылдаса, соған байланысты саяси даму қарастырылып жүр.
Саяси модернизация түсінігі мен мəні.Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дəстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға,
жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді. Əртүрлі қоғамдық бағыттылық пен єлеуіметтік жєне саяси лектегі жүйеге негізделген оқиғаларды қандай да бір концептуалды єдісемелік сызбалар немесе себеп-салдарлық байланыс деңгейінде қарастырып түсіндіру мүмкін емес. Саяси модернизация - аумақты кеңейту жəне əкімгершілік-саяси шекараны реттеу ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін жəне тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат жəне əлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы; үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы; төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тəсілдерін өзгерту.Саяси модернизация теориялары - ХХ ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру. Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын əлеуметтік жəне саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық əлеуметтік жəне саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда əлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, əлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада əкімгершілік жəне саяси топтар мен институттар арасындағы қарым- қатынас тиімді реттеледі.Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі
- азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен əртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бəсекелесуінің алғышарты.
Қазіргі кездегі демократиялық жүйелер 18-19 ғасырдағы либералдық басқарудың тікелей жəне жан-жақты ықпалынан бастау алады. Оның либералдық демократиялық ой- пікірді дамытудағы рөлі күшті. Осыған байланысты туындаған идеялық жəне саяси ағымдар жеке адамның еркіндігін жəне оны мемлекеттік тираниядан қорғауды көздеген. Бүгінде Президент Н.Ə.Назарбаевтың бастамашылығымен ұлттық демократиялық бағыт алға басуда. Бұл жолдың демократияның батыстық үлгісінен принципті ерекшеліктері бар. Бірақ, бұл жерде айта кету керек, батыстық либералдық демократия конституционализм, билік бөілінісі, индивидуальді еркіндік, адам құқы, азшылық автономиясы сияқты жағымды негізгі құндылықтармен ерекшеленеді. Соның бірі – плюралистік демократия деп аталады. Себебі, ол көптүрлі қоғамдық мүддеге жəне оның түрліше білдірілуіне (саяси партиялар ассоцияциялар мен бірлестіктер, қоғамдық қозғалыстар жəне т.б.) негізделеді. Плюралистік демократия концепциясы бойынша қазіргі демократиялық мемлекетте жеке адам да, халық та емес, топ ғана басты қозғаушы
күш балып табылады, ал индивидтің топсыз өміршеңдігі жоқ, абстракция ғана.
Қазақстандағы процестің ерекшелігіне келетін болсақ, демократияның жалпы танылған принциптері сақталынуда: биліктің нақты бөлінісі; заңның үстемдігі; азаматтық қоғам институттарының дамуы; саяси партиялардың бəсекелестігі. Осы негізде Қазақстан президенті Н.Ə. Назарбаев демократияны дамудың 2011 жылға дейін үлкен бағдарламасын бекітті. Бұл бағдармала қоғамдық сараптаудан өткізілуде. Қазақстандағы демократия қалай болғанда да Данияға немесе Швецияға ұқсамайды. Біздің демократия Батыс елдеріндегі демократияны айнытпай, көзсіз көшіріп алмайды. Міне, олай болса демократияның жалпы əлем таныған принціптерін басшылыққа алумен қатар, Қазақстанның өзіндік демократияландыру ерекшеліктері болатыны сөзсіз. Бұл ретте жалпы принциптерді жəне ерекшеліктерді Қазақстан ұштастыра жүзеге асыратын болады.
Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде қалыптасты, енді ел азаматтарының жоғары демократиялық жəне құқықтық жағдайларға қол жеткізулері керек. Басқаша айтқанда конституцияда көрсетілген демократиялық жəне ізгілік нормаларын одан əрі жүзеге асыру міндеттері тұр.
Қазақстан Республикасы президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшті. Дегенмен Президенттік билік барлық билік тармақтарының тепе-теңдігін жəне үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етіп отырады. Президент саяси жүйеде əлі де болса шешуші функцияны атқаратын болып қалып отыр. Парламентті тарату, Үкіметті жасақтау секілді, президенттік биліктің негізгі көздері бұрынғыша сақталады. Бірақ, бұрын президент тұтас Парламентті тарата алатын, енді ол мəжілістің жеке өзін тарату құқығына ие болды.
Демократияның əр елде өзінің ерекшелігі болатыны белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет