Сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін



Дата29.12.2023
өлшемі16,74 Kb.
#144670
түріСабақ
Байланысты:
Төлеген Нұртуған


ПП-22-1 Төлеген Нұртуған
Сыныптық-сабақтық жүйе
Оқытудың кең таралған сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды.Сынып-сабақ нысаны оқыту жұмысын ұйымдастудың негізгі нысаны ретінде күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.Себебі сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт-бағдар беріп жетекшілік рөлін атқарады.
Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді. «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:
- оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;
- оқушыларды сыныптарға бөлу;
- әр сыныпқа бір бөлме беру;
- күніне 4 сабақ өткізу;
- әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;
- қоңыраудық соғылуы;
- тәртіп;
- бір сабақтың үзаңтығы бір сағаттан аспау керек;
- сабақты күзде бастау.
Я.А.Коменский «Мұғалім - сабақты жаратушы, оның жүрегі», - деп түсінген
Сынып-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері.Жастары және дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру. Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді. Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын сабақ түрінде жүреді. Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады. Жұмыстың негізгі түрі – сабақ. Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі. Оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің алуан түрі; Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жұмыстар жүргізіледі. Сынып – сабақ жүйесі әлі зерттелуде. Жақсы жақтары: сынып-сабақ жүйесінің басқа оқыту түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар, себебі оның бөліктері бір-бірімен байланысты, мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді, оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік жасалады. Оқушылар тәрбиеленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады. Сабақ оқу-тәрбие жұмысын реттейді, оны басқарады, балалар бір- бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді, мұғалім оқушылардың сезім әлеміне әсер етеді, тәрбиелейді, көп оқушылармен жұмыс істейді. Кемшілігі: үлгерімі нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың қабілеті тежеледі. Мұғалімге әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу қиын. Басты кемшілігі "орташа" оқушымен жұмыс істеудің, жеке оқу-тәрбие жұмысын жүргізу мүмкіндігінің жоқтығы.Сондыңтан ғалымдар сынып-сабақ жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет