Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға айрықша ден қойған. Ыдыстарды негізінен қайыңнан жасаған. Өйткені қайың мықты ағаш. Әбден кепкен қайыңда иіс те, шайыр да болмайды. Оған құйылған астың дәмі де бұзылмайды. Бұйымдардың пішіні, оюлары нені елестеді?
Әрине, пішін, түс, сурет үйлесімділік табиғаттан алынған. Идеялар қорындағы ыдыстарға қараңдаршы?
Олар әр шебердің қолынан шыққандықтан алуан түрлі, әдемі бұйым адамды таңқалдырып, қуаныш сыйлайды. Сонымен әдемі ыдыс жасап көрейік.
Гигиеналық ереже. Ермексаздан жұмыс істегенде гигиеналық ережелерді сақтау.
1) Қол сүртетін орамал әкелу.
2) Партаға төсеніш төсеу.
3) Ермексазбен жұмыс істегенде қолды жылы сабынды сумен жуу керек.
- Ал, енді балалар, сендерді ыдыс жөнінде мақал-мәтелдермен таныстырып өтейін:
Қазан қайнап тұрса,
Ақыл сайрап тұрады.
Ыдысын көріп – асын іш.
Қарны ашқан қазанға қарар.
Қазанға не салсаң, шөмішке сол ілігер.
Қазақ халқы ерте кезден бастап ыдысты бұтақтан, ағаштың қабығынан, саздан, қайың ағашынан жасаған. Уақыт өте келе адамдар ыдысты шыныдан, металдан,қыштан және т.б. материалдардан жасай бастады. Қазақ халқының ұлттық ыдысы - тостаған, ожау, кесе, құмған сияқты ыдыстар.
Торсық ыдысын малдың терісінен илеп, тіккен, торсыққа қымыз, шұбат т.б. сусындар құйған.
Оқушыларға торсықтың жасалу жолы түсіндіріліп беріледі, оқушылар ермексаздан торсықты жасап көрсетеді. Содан кейін тостағанды, ожауды жасау жолдарын түсіндіріп, соны өздері ермексаздан жасап шығады.