Сабақтың аты Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі Жалпы мақсаты


ІІІ-кезең. Жаңа сабақты түсіндіру



бет126/172
Дата25.11.2023
өлшемі5,17 Mb.
#126753
түріСабақ
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   172
Байланысты:
Ñàáà?òû? àòû ?îç?àëûñ ìàòåðèÿíû? àæûðàìàñ á?ë³ã³ Æàëïû ìà?ñàòû

ІІІ-кезең. Жаңа сабақты түсіндіру. «Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлері. Бор постулаттары».
Денелердің шығаратын сәулесінің түрлі түске жіктеліп немесе сызықтар түрінде көрінуін спектр деп деп атайды.
Спектрлер: 1.жолақ (тұтас) спектрді – тығыздығы өте үлкен денелер шығарады. 2.шығару сызықтық спектрін – тығыздығы өте аз қызған газдар немесе плазма береді. 3.жұтылу сызықтық спектрі – өте қызған денеден шыққан жарықты сирелген газ арқылы өткізген кездегі қара жолақтар.
Химиялық элемент қандай толқын ұзындығында сәуле шығарса, сондай толқын ұзындығында сәулені жұтады.
Заттың химиялық құрамын оның сызықтық спектрі арқылы анықтау әдісі спектрлік анализ деп аталады. Бұл әдісті 1859 жылы Г. Кирхгоф пен бунзен экспериметтік зерттеулерге енгізді. Спектрлік анализдің көмегімен гелий, германий, және скандий элементтері ашылды.
1855 жылы И. Бальмер сутегі спектрін талдай отырып, оның көзге көрінетін толқын ұзындықтарын анықтайтын формуланы көрсетті:  =λ0
Мұндағы λ0=364,6 нм, n=3,4,5,6. Бұл формула Бальмер сериясы деп аталады. И. Ридберг 1890 жылы Бальмер сериясындағы спектр сызықтарының жиілігін анықтау формуласын ұсынды: v=R . Мұндағы, n=3.4.5.6. мұндағы R=3.288*1015 Гц – Ридберг тұрақтысы деп аталады.
Эксперимент жүзінде алынған жоғарыдағы нәтижелер мен формулаларды теориялардың бірде-біреуі түсіндіре алмады. Бұл тұйықтан шығудың жолын 1913 жылы Нильс Бор өзінің екі постулаты арқылы түсіндірді.
Бордың 1-ші постулаты. Атом ерекше стационарлық күйде бола алады. Ондай күйде атом электромагниттік толқын (сәуле) шығармайды әрі жұтпайды.
Бордың 2-ші постулаты. Атом энергиясы Еп стационарлық күйден энергиясы Ек стационарлық күйге ауысқанда: Һv=Епк шамасында тең болатын энергияны шығарады немесе жұтады.
Топ бойынша. Деңгейлік тапсырмаларды орындау. (5 балл)
І-деңгей (5 балл)

  1. 1887 жылы неміс ғалымы Генрих Герц жарықтың әсерінен электрондардың шығуы мүмкін екекнін ашты. Бұл құбылысты ------------- деп атайды.

  2. Химиядан полоний мен радий элементтерін, физикадан радиоактивтілікті ашқаны үшін екі рет Нобель сыйлығын иеленген дүние жүзіндегі тұңғыш ғалым әйел кім?-------------------------------------

  3. Денелердің өздігінен сәуле шығаруын ашқаны үшін Нобель сыйлығын иеленген кім?--------------------------------------------------------------------------

  4. 19779 Au элементінің құрамында қанша электрон , қанша протон, қанша нейтрон бар?---------------------------------------------------------------------------

  5. Протон мен нейтронның арасында қандай айырмашылық бар?------------



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет