2- сұрақтар тобы. 1. Объективті бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, ұзындығы, үш өлшемділігі ненің негізгі қасиеттері? – Кеңістіктің. 2. Материялық нүкте дегеніміз не? – Қарастырып отырған жағдайда өлшемі мен пішінін ескермеуге болатын денені материялық нүкте дейміз. 3. Орын ауыстыру қандай шама? – Векторлық. 4. Векторлардың проекциялары қандай шамалар? – Скаляр. 5. Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді? – Спидометр. 6. ХБЖ үдеудің бірлігі? –
7.Уақыт қандай әріппен белгіленеді? - t 8. Өте аз орын ауыстырудың осы орын ауыстыруға кеткен өте аз уақытқа қатынасы не болып табылады? – Лездік жылдамдық. 9. Еркін түсу үдеуі қандай әріппен белгіленеді? - g 10. Нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақыты не деп аталады? – Период. 11. Шеңбер бойымен қозғалған дененің бұрыштық жылдамдығы қалай бағытталады? – Шеңбердің бір нүктесіне жүргізілген жанама бойымен бағытталады. 12. Уақыт қандай прибормен өлшенеді? – Сағат. 13. Шеңбердің екі радиусының арасындағы центрлік бұрыш? – Радиан. 14. Бір қалыпты айнымалы қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс? – Кез келген бірдей уақыт аралығында қозғалыс жылдамдығы сәйкес бірдей шамаға өзгеріп отыратын қозғалысты айтамыз. 15.v=v0+at қандай қозғалыстың теңдеуі? – Бір қалыпты үдемелі. 3-сұрақтар тобы. 1. Объективті бар болуы, үздіксіздігі, бір қалыптылығы, бір ырғақтылығы ненің негізгі қасиеті? – Уақыттың. 2. Жол дегеніміз не? – Қозғалыс траекториясының бойымен дененің жүріп өткен ара қашықтығын жол дейді. 3. Дененің орнын қандай үш тәсілмен анықтайды? – Векторлық, координаталық және траекториялық. 4. ХБЖ уақыттың бірлігі? -
5. Үдеу қандай әріппен белгіленеді?-а 6. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық векторлық шама? – Жылдамдық. 7. Физикалық шамаларды өлшеудің қандай түрлерін білесің? – Тікелей және жанама өлшеулер. 8. Жиілік қандай әріппен белгіленеді?- (ню) 9. Период пен жиілік бір біріне қандай шамалар? – Кері. 10. ХБЖ бұрыштық ығысу немен өлшенеді? – Радианмен. 11. (омега)әрпімен қандай шама белгіленеді? – Бұрыштық жылдамдық. 12. Центрге тартқыш үдеуді басқаша қалай атайды? – Нормаль үдеу. 13. Акселерометрмен қандай шама өлшенеді? – Үдеу. 14. Шеңбер бойымен қозғалған дененің сызықтық жылдамдығы модулі жағынан қандай болады? – Тұрақты. 15.v=v0-at қандай қозғалыстың теңдеуі? – Бір қалыпты кемімелі.