Есеп шығару .
1-есеп. Велосипедші еңіске қарай 0,5м/с2 үдеумен қозғалып келеді.
Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 6 м/с-қа тең болса, 0,1 мин өткенде оның жылдамдығы қандай болады?
2-есеп. Тыныштық күйден 0,2 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 10 м жол жүреді?
3-есеп. Велосипед дөңгелегінің радиусы 40см. Егер дөңгелек 100 айн/мин жасайтын болса, онда велосипедшінің жылдамдығы қандай?
Оқулықпен жұмыс
Түртіп алу стратегиясын пайдаланып, өз ойларын дәптерлеріне жазады
және Постер құрып үйренеді.
Ресурстармен танысты
12 мин
Топ бойынша тақырыптың мазмұнын ортаға салып түсінгенне кейін әр топ мүшелері постер құру әдісі арқылы тақырыптың мазмұнын қағаз бетіне түсіреді. Тақырыптың мазмұның түсініп алғашқы орынға қайта қайтады.(Жигсо-2 әдісі бойынша)
Ой қозғау
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ пікірлерін тыңдау.
. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
Берілген сөздерге шағын эссе жазады
Қозғалыс
Материя
Табиғат
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
V. сергіту сәті (3 минут) (видео)
. Жеке жұмыс «тест жұмысын орындау» (10 минут)
.Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
а) Санақ денесімен байланысқан координат жүйесі ;
б) Өлшемі мен пішінін ескермеуге болатын дене ;
в) Басқа денелерге қатысты кеңестіктегі орын ауыстыруы;
г) Орын ауыстырудың жолға қатынасы;
2.Ұзындық бірлігі.
а) Дж;. б) Метр; в) секунд; г) Вт
3.Орын ауыстырудың формуласы
а) s=v t; б) v=s/t E) s=u0t+at r) s=u0t + at0 4.Серпінді дегеніміз не?
а) Орын ауйыстырудың жолға қатынасы;
б) Бірдей уақыт аралығындағы жылдамдық;
в) Жұмыстын жолға көбейтіндісі;
г) Жүкті алып тастағаннан кейінгі деформация;
5.Еркін түсу үдеуінің сандық мәні ?
а)10,1 Дж; б) 8,7 Вт, в) 9,8 м/с , г)9,7м/с
6.Бұрыштық ығысуы қандай әріппен белгіленеді ?
а) U ; б) S ; в) T ; г) φ
7. « Динамика» қандай мағына береді?
а) Суреттеу; б)Күш; в) Ғалым; г) Жазамын.
8. Исаак Ньютон қай жердің ғалымы?
а) грек ; б)француз; в)ағылшын; г)қытай.
9.Жылдамдықты өлшеуге арналған прибор
а) термометр; б) барометр; в) амперметр; г) спидометр.
10.Төмендегі ғалымдардың қайысысы дене еркін түскенде бір қалыпты үдемелі қозғалыста болатынын ж/е үдеуі барлық денелер үшін бірдей екенінін тапқан?
а) Архимед; б)Галлилей; в) Ньютон; г) Гьюгенс; д) Гук.