ІҮ. Топтық жұмыс (25 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген есептерді топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ пікірлерін тыңдау.
№414. Қатаңдығы 0,4 кН/м серіппеге бекітілген массасы 640 г жүк, тепе-теңдіктен 1 м/с жылдамдықпен өту үшін. Оны тепе-теңдік күйден қандай ара қашықтыққа ауытқыту қажет?
№427. Бірдей уақыт ішінде бір математикалық маятник 50, ал екіншісі 30 тербеліс жасайды. Егер олардың біреуі екіншісінен 32 см қысқа болса, олардың ұзындықтарын табыңдар.
№437. Желсіз күні қайықтан көлге ауыр якорь тасталған. Якорь тасталған жерден толқындар тараған. Жағада тұрған адам толқын оған 50 секундтан кейін келіп жеткенін, ал көршілес өркештер арасындағы қашықтық 0,5 с екенін және 5 с ішінде толқын жағаға 20рет келіп соққанын байқаған. Қайық жағадан қандай қашықтықта болған?
№438. Ер адамның ең төменгі дауысы үшін ауадағы дыбыс толқынының ұзындығы 4,3 м-ге, ал әйел адамның ең жоғары даусы үшін 25 см-ге жетеді. Осы дауыстардың тербеліс жиілігін табыңдар.
№448. Теңіздің кеме астындағы тереңдігін эхолот арқылы өлшегенде ультрадыбысты жіберу және қабылдап алу мезеттерінің уақыт аралығы 0,6 с болып шықты. Теңіздің кеме астындағы тереңдігі қандай?