Дыбысты сипаттайтын физикалық шамалар Дыбыс қатылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады.
Тембр – адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Шу әр түрлі жиіліктігі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы.
Жаңғырық – қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.
Акустикалық резонанс құбылысын түсіндіруге арналған тәжірибе көрсету.
Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық – қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.
Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында, естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.
Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды.
Оқушыларды 5 топқа бөлініп, тақырыпты топта талдайды.
Талқылаудан кейін әр бала өзінің тобында айтылған нәрселерді келесі топтарға барып айтады.
(12 мин)
(4 мин)
1- тапсырма Есептер шығару.
2- тапсырма Тест жұмысы
Акустикалық резонанс дегеніміз не?
Акустикалық резонанс қандай құбылыстарда көрініс береді?
27-жаттығу. №4
Музыкалық аспаптардың ойықтарының көлемін салыстыр?
Домбыраның дыбыс шығаруының мәні неде түсіндір?
Акустикалық резонансты, дыбыстың шағылуын білу біз үшін маңызы қаншама?
Тест жұмысы, 5 минут
Жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыстар қалай аталады?
А) инфрадыбыстар Б) акустикалық дыбыстар
С) ультрадыбыстар Д) толқындық дыбыстар
2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?
А) 20 000Гц Б) 200 000Гц С) 200Гц Д) 2Гц
3. Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
А) осциллограф Б) дыбыс зорайтқыш
С) камертон Д) генератор
4. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А) тонның биіктігіне Б) тербеліс амплитудасына
С) тербеліс жиілігіне Д) таралу жылдамдығына
5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
А) метр Б) герц
С) метр/секунд Д) децибел
6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы
А) 330м/с Б) 50м/с
С) 1480м/с Д)5600м/с
7. Ұшақтың көтерілу кезіндегі дыбыс қаттылығы
А) 100дБ Б) 50-60дБ
С) 120дБ Д) 10дБ
.