|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Сабақ 58
|
Сабақтың аты
|
§60 Радиактивті ыдырау заңы. Ауыр ядролардың бөлінуі
|
Жалпы мақсаты
|
Радиактивті ыдырау заңы. Ауыр ядролардың бөлінуі жайлы мағлұмат беру
Радиактивті ыдырау заңы. Ауыр ядролардың бөлінуін өндірісте, формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
|
Күтілетін нәтиже
|
Радиактивті ыдырау заңы. Ауыр ядролардың бөлінуі жайлы мағлұмат алады
Радиактивті ыдырау заңы. Ауыр ядролардың бөлінуін өндірісте, формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
|
|
.
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау парақшасымен таныстыру
|
Топқа бөлу
|
Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.
|
Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді.
|
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
|
Үй тапсырмасын пысықтау
|
. Өткентақырыптарбойыншасұрақтар:
1. Ядролық реакция дегеніміз не?
2. Жасандырадиоактивтікқалайалынады?
3. Табиғирадиоактивтікыдырау мен ядролықреакциялардыңайырмашылықтары бар ма?
|
Оқушылар ауызша орындайды
|
Жаңа сабақ Мағананы тану
Ядроның бөліну механизмі
Атом ядросының бөліну процесін ядроның тамшы моделінің негізінде түсіндіруге болады. Бұл модельге сәйкес нуклондардың жиынтығы зарядталған сұйықтың тамшысына ұқсауы қажет (2, а-сурет). Нуклондардың арасындағы күштер, сұйық молекулаларының арасындағы күштер сияқты, қысқа әсер етуші болып табылады. Ядроны бөлшектерге ажыратып жіберуге тырысатын протондардың арасындағы көп электростатикалық тебілу күшімен қатар, одан да артық ядролық тартылыс күші әсер етеді. Осы күштер ядроны ыдыраудан сақтайды.
Уран-235-тің ядросы шар тәрізді. Артық нейтронды жұтып, ядро қозады да, деформациялана бастайды, сопақтау түрге келеді (2, ә-сурет). Созылыңқы ядро ұштарының арасындағы тебілу күші бойынша да әсер ететін ілінісу күшінен артық болғанша, ядро созыла береді (2,в-сурет). Содан соң ядро екі бөлікке бөлініп, үзіледі (2, б-сурет). Кулондық тебілу күштерінің әсерінен бұл бөлшектер немесе жарықшақтар жарық жылдамдығының 1/30 бөлігіндей жылдамдықпен жан-жаққа ұшады.
|