ІІІ – топ «Сен білесің бе?» Ірі денелі қоңыздың қанаты баяу тербеліп отырады, ал ұсақ масаның қанаты жиі тербеледі. Ірі қоңыздар қанатын секундына 100-120, кішкене қара шыбын қанатын 350 рет, ал сары масаның қанаты секундына 500-600 рет тербеледі. Қанаты үлкен қоңыздар ұшқанда қанатының дыбысы қаттырақ естілсе, кішкентай масаның қанаттары нәзік болғандықтан нәзік үн шығарады.
Жинау – Жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау. Ойлап табады, байланыстырады, шығарады. Ойын түйіндейді және алынған теориялық және практикалық бағыттағы білімін ой елегінен өткізіп қорытындылайды.
Сабақ басында көрсетілген «Қара жорға» биінің бүгінгі сабағымызға қанадай қатысы бар екендігін талдап өзіндік бір тұжырымға келеді.
«Жорға» сөзіне – ассосация құру
Жорға – төрт түліктің бірі, жылқы малы, мінсең көлік, жесең тамақ, ішсең сусын, адамның ажырамас досы, тербеледі, емі-шипасы бар.
Бағалау Материалдың өзі үшін керектігін, құндылығын, керектісін анықтау, пайымдауға бағыт беру. Идеялар алмасу, пікір айту.Өзіне керектісін таңдау.
«Менің айтарым ...» алынған мәлімет бойынша қорытынды жасайды. Топтарға берілген тапсырма бойынша сабақта қарастырылған барлық мәліметтерді жинақтап бағалап пайымдайды.
Сабаққа қатысуы, есептер шығаруы, өзіндік ой бөлісуі бойынша оқушыларды суммативті бағалау;
Бағалайды, талқылайды. Өз пікірін айтады.
Дереккөздер:
Физика 9 сынып. Авторлары: Р.Башарұлы. Д.Қазақбаева. У.Тоқбергенова. Н.Бекбасар.
Физика және астрономия есептер жинағы. Авторлары: Б.А.Кронгарт С.М.Тезекеев.