Акустикалық резонанс.. Дыбыстың шағылуы.Жаңғырық жайлы мағлұмат алады
Акустикалық резонанс.. Дыбыстың шағылуы.Жаңғырықты тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
А. Дыбыстың негізгі сипаттамаларын біледі.
В. Дыбыстың негізгі сипаттамаларының айырмашылығын ажырата алады.
С. Дыбыстық құбылыстардың мәнін түсіндіре алады.
Керекті жабдықтар
Камертон, әртүрлі дыбыс шығарғыш заттар
Әдіс-тәсілдер:
«Мозайка» әдісі, «Ойлан, жұптас,бөліс», «Ой шақыру» стратегиясы, тест
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
3мин
Физикалық диктант
Үй тапсырмасы бойынша дайындалған физикалық диктантты орындайды.
Камертонды ұру
Музыкалық аспаптардың дыбыстарын тыңдату
Физикалық диктант, 5 минут
Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын
Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.
Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.
Г равитациялық толқын – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын.
Дыбыстың айырмашылықтарын болжап айту керек, қатты не бәсең, музыкалық дыбыс т.б
Негізгі бөлім
(5 мин, 15мин)
.Өздік жұмыс Толқын көзінің тербеліс жиілігі 0,2 Гц. Толқынның таралу жылдамдығы 10 м/с Толқын ұзындығын тап.
А.10м В.5м С.50м Д.2м Е.25м
2.Егер Ертіс өзенінің толқындарының әр өркештерінің арасы 3м болып, жылдамдығы 12м/с болса, онда толқын жағаға қандай жиілікпен соғады?
А.36Гц В.4Гц С.0,25Гц Д. 15Гц Е.9Гц
3.Орта бөлшектерінің тербеліс жиілігі 10Гц, толқын ұзындығы 2м.Толқынның таралу жылдамдығы қандай?
А.20м/с В.0,2м/с С.0,032м/с Д.5м/с Е.32м/с
«Ой шақыру» стратегиясы
Қазір өмірімізді радио-телехабарларсыз, телефон байланысынсыз елестету мүмкін емес. Механикалық толқындар әлемінде біз көрмейтін, бірақ, сол арқылы бір-бірімізбен қарым-қатынас жасап, музыка, радио тыңдайтын толқын түрі бар. Ол дыбыс толқындары деп аталады?
Бүгінгі тақырыбымыз дыбыстың сипаттамалары, шағылуы, жаңғырық.
1 топ келесі топты бағалайды
Музыкалық дыбыстар – камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары.