Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық
«Шаттық шеңберін» құру -Әрбір қасымызда тұрған досымыздың,жақсы қасиеттерін,ізгі сөздермен,көтеріңкі көңілмен,күлімдеген көзбен жеткізейік.
-сен нағыз доссың
-ең әдемі қызсың
-мейірімдісің
-өте ұқыпты баласың
-адал доссың
-қайырымдысың
-әдептісің
-өнерлісің
-еңбекқорсың
-ақкөңілсің
-Жарайсыңдар,балалар! Сендердің достарыңызға деген жылы лебіздеріңізді естіп қуанып тұрмын.Енді мына үлестірмелі қағаздардан алып,түстеріне қарай топтарға бөлінеміз де,сабағымызды бастаймыз.
ІІ Үй жұмысын тексеру -Үйге қандай тапсырма берілді?
(әр топтың оқушыларына оқыту)
«Кім көп біледі?» ойынын ойнату арқылы өткен сабақты еске түсіру.
Жай сөйлем дегеніміз не?
Жалаң және жайылма сөйлем дегеніміз не?
Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
Сөйлемнің бірыңғай мүшесі дегеніміз не? Мысал келтір.
Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
Сөйлем мүшесі деген не?
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері дегеніміз не?
Сөз тіркесі дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
Қыстырма сөздер дегеніміз не? Түрлерін атап,мысал келтіріңдер.
ІІІ Жаңа сабақ -Оқулығымыздың 82 бетіне назар аударамыз.
1-жаттығу Өлеңді оқып,жатқа жазу.
-Өлең не туралы?
-Өлеңнің авторы кім?
- Көркем жазу минуты
-Олай болса күз сөзінен пирамида құраймыз.
Күз,сары,бидай,салқын,жапырақ
-Күз туралы кім әңгімелеп береді?
-Өлеңдегі қарамен жазылған сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаймыз және сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсетеміз.
Тақтаға жазып талдау жасау.