Сабақтың барысы



бет2/4
Дата09.05.2022
өлшемі23,67 Kb.
#33675
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Әрбір мемлекеттің мемлекет екендігін білдіретін өздерінің Гимні, туы, елтаңбасы болады. Біз қазір тұрып ән тыңдайық. Ол - Республикамыздың Гимні, Гимнді салтанатты жағдайларда орындайды, оны орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып, оң қолымызды жүректің тұсына қоямыз.(Гимн тыңдалады.)

Оқушылар «Жұлдыздар» және «Алғырлар» болып екі топқа бөлінеді.

«Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты викторинаның шарттары: ойын 20 сұрақтан тұрады. Әрбір дұрыс жауап берген топқа 1 ұпай беріледі. Қане осы сұрақтарға дұрыс, белсене жауап бере отырып, ұпай санын көптеу алуға тырысайық!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет