Сабақтың барысы



бет3/4
Дата09.05.2022
өлшемі23,67 Kb.
#33675
түріСабақ
1   2   3   4
Викторина    сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды? (1992жылы 4 мауысым)

2. Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?

(Гимн, Ту, Елтаңба).

3. Гимннің сөзін кімдер жазған?



(Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев).

4.Гимннің әнін кім жазған?



( Шәмші Қалдаяқов).

5. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.



(Екі рет)

6.Тудың авторы кім?



( Шәкен Ниязбеков).

7.Ту қандай түсті?



(көгілдір және сары).

8. Мемлекеттік Туда не бейнеленген?



(Мемлекеттік Туда қыран, күн, өрнек бейнеленген)

9.Елтаңбаның авторы кім?



( Шота-Аман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков).

10. Мемлекеттік Елтаңбада не бейнеленген?



(Мемлекеттік Елтаңбада шаңырақ, қос пырақ, жұлдыз, «Қазақстан» жазуы бейнеленген)

11. Рәміз сөзі қалай аударылады?

(Символ, символика)

12. Ата Заң сөзінің аудармасы қалай?



(конституция)

13. Қазақстан қандай мемлекет?



(Егеменді,тәуелсіз мемлекет)

14. Ту сөзіне синонимдерді ата?

(жалау, байрақ)

15. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл ?



(қазақ тілі)

16. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім ?



( Нұрсұлтан Назарбаев)

17. Мемлекеттік Тудың көк түсі нені білдіреді?



(бейбітшілік пен тыныштықты)

18.Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген шаңырақ нені білдіреді?



(ортақ үй, халықтың біртұтастығы)

19. Ата Заң қай жылы, қай айда қабылданды?



(1995жылы, 30-шы тамыз)

20. Тәуелсіздікті қай жылы, қай айда алдық?



(1991жылы,16-шы желтоқсанда)

Осымен викториналық сұрақтар аяқталды. Әділ-қазылар алқасы ұнай сандарын есептегенше, Қазақстан, Қазақстан Республикасының рәміздеріне байланысты сөзжұмбақты шешейік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет