Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, пікірталас, ой қозғау



бет2/2
Дата23.09.2022
өлшемі32,01 Kb.
#40025
түріСабақ
1   2
Сабақтың ортасы

Миға шабуыл
Неліктен Ахмет Байтұрсынұлының екінші кітабы «Маса» деп аталған?

  • Себебі ұйықтап жатқан қазақ халқын маса секілді ызыңдап ояту, білімге, оқуға шақыру.

Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» аударма жинағы.

  • орыс халқының ақыны Крылов Иван Андреевичтің мысалдары негізінде аударған

  • Үлгі аларлық ғибратқа толы мысалдар

  • Татулыққа

  • Бірлікке

  • Ынтымаққа шақыру.

«Аққу, шортан һәм шаян» мысалының желісі:
Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн
Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін,
Тартады: ақку көкке, шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.

Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас.


Əуелі бірлік керек болса жолдас,
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас!
Бұл мысал арқылы елді бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақырып отыр. Бір-бірін тыңдамай, әркім өзімдікі дұрыс деген істе береке болмайды дейді.
Осы мысал төңірегінде қандай мақал-мәтелдер еске түседі?

  • Бірлік болмай, тірлік болмас.

  • Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

  • Алтау ала болса, ауыздағы кетеді

  • Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Ахмет Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру» өлеңі:
Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.

  • Оқып шығып, мән-мағынасына тоқталу, жеткізілмек болған ойды анықтау.

  1. Сабақтың соңы

Сабақтан алған білімдерімізді қорытындылай келе берілген сызбаны толтыру.

Ұстаз



Ғалым

Ақын



Ахмет Байтұрсынұлы




Аудармашы

Ағартушы



Қоғам қайраткері

Қорытынды

  • Осымен балалар, тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Сабағымызды Ахмет Байтұрсынұлының «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.» деген нақыл сөзімен аяқтасақ. Білім алудан, үйренуден, ізденуден еш уақытта жалықпаңдар. Білімді ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұрпақ – ұлт келешегі.

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма? Сабақтан алған әсерлерімізді стикерлерге жазып, білім ағашына апарып ілеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет