Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, пікірталас, ой қозғау



бет1/2
Дата23.09.2022
өлшемі32,01 Kb.
#40025
түріСабақ
  1   2

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы.
Мақсаты:

  1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.

  2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу

  3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, пікірталас, ой қозғау.
Көрнекілігі: Ахмет Байтұрсынұлының портреті, ақынның қанатты сөздері, видеоролик, презентация.
Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.

  • Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты өткізілгелі отырған тәрбие сағатымызда Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталатын боламыз.

  1. Сабақтың басы

  • Ахмет Байтұрсынұлының 5 арыстың құрамына кіретінін білеміз ия, балалар?! Ендеше 5 арысқа кіретін ұлт зиялыларын атап шығайықшы:

Ахмет Байтұрсынұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Міржақып Дулатов
Жүсіпбек Аймауытов
Мағжан Жұмабаев
Дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Ендігі кезекте Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен танысып өтсек.
Слайдқа назар аударып, онда көрсетілген тірек сөздерге сүйене отырып әңгімелеу үшін 3 топқа түрлі тақырып берілген:

  1. Өмірбаяны

  2. Қызмет жолы

  3. Шығармашылығы

1 тақырып бойынша 1 топқа берілген тірек сөздер:

  • 1872 жылы 5 қыркүйек;

  • Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы;

  • Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі;

  • Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебі;

  • 1937 жылы 8 желтоқсан;

  • Қуғын-сүргінге ілігу;

  • Ату жазасына кесілу.

2 тақырып бойынша 2 топқа берілетін сөздер:

  • 1895-1909 ж.ж., Қарқаралы, орыс-қазақ мектебі, оқытушы.

  • 1921–1925 жылы Орынборда, 1926–1928 жылы Ташкенттегі, Халық ағарту институттарында, қазақ тілі мен әдебиеті, мұғалімдік қызметі.

  • 1913–1918 жылы, қазақ зиялыларымен бірігіп, «Қазақ» газеті.

  • Алаш партиясының негізін қалаушылардың бірі.

3 тақырып бойынша 3 топ:

  • Ахмет Байтұрсынұлы –қазақ әліпбиінің алғашқы авторы. 

  • "Қырық мысал" , аударма жинағы, 1909 ж. Санкт-Петербургте

  • 1911 жылы, "Маса " өлеңдер жинағы

  • «Оқу құралы», «Тіл – құрал», "Әдебиет танытқыш" - Әлі күнге дейін қолданыста, маңызын жоғалтпаған

  • оқу құралдары.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет