Сабақтың әдістемелік мақсаты : Сабақта компьютерлік технологияны тиімді пайдалану. Сабақтың міндеті



бет1/6
Дата12.12.2022
өлшемі36,87 Kb.
#56679
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ақуыздар. ҚМЖ 08.11.22


Сабақтың тақырыбы:
Ақуыздардың қасиеттері мен атқаратын қызметтері.
Сабақтың әдістемелік мақсаты:
Сабақта компьютерлік технологияны тиімді пайдалану.
Сабақтың міндеті:
Тақырып бойынша оқушылардың білімін жүйелеу және тереңдету.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ақуыздардың құрамы, құрылысы, қасиетін білу; мысалдар келтіру арқылы ақуыздардың функцияларын (атқаратын қызметтерін) түсіндіре білу; ақуыздарға тән түсті реакцияларды білу; ақуыздардың екідайлы қасиетін дәлелдей білу; құрылысы мен қасиетін меңгеру арқылы арасындағы байланыстылықты орната білу; ақуыздардың биологиялық синтезі туралы түсінік алу.
Тәрбиелік: органикалық дүниенің материалдық бірлігін көрсету; ғылыми дүниетанымды қалыптастыру; зейінді қылыптастыру; еңбекті сүюге, табандылыққа тәрбиелеу; ұжымда жұмыс істеу; тазалыққа, тездікке, дәлдікке, салыстыра білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: салыстыра, қорыта білу білігін дамыту; оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту; танымдық қызығушылығын дамыту; пән аралық байланысты орнату; өз бетімен білім алу дағдысын дамытуды жалғастыру-қосымша әдебиетпен жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Түрінің өзгеруі: химия мен биология пәні бойынша кіріктірілген сабақ.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, оқулық (Органикалық химия. Л.А.Цветков),кестелер, натрий гидроксиді, азот қышқылы (конц), мыс (II) сульфаты, ақуыз, қысқыш, спиртшам, пробирка.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Үй тапсырмасын тексеру:

Химик: 1. Азотты органикалық қосылыстарға қандай заттар жатады?


    1. Аминдер дегеніміз не, мысал келтір (тақтаға формуласын жазу).

    2. Олар қалай жіктеледі?

    3. Аминдердің қасиеттері неге аммиакқа ұқсас болады?

    4. Аминдердің молекула құрамында қандай функционалдық топтар бар? Олар қандай қасиет береді?

    5. Аминдердің қайсысының негіздік қасиеті жоғары? Неліктен? Түсіндір.

    6. Анилиннің алыну реакция теңдеуін жаз. Бұл реакция органикалық химияда кімнің атымен аталады?

    7. Амин қышқылдарының анықтамасын тұжырымда.

    8. Амин қышқылдары қандай химиялық қасиет көрсетеді?

10.Амин қышқылдарының өзіне тән ерекше химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеуін жаз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет