Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ: №7
|
Мектеп:
|
Пән: қазақ әдебиеті
|
|
Күні :
|
Мұғалім:
|
Сынып: 8 Т1
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.
|
Сабақ мақсаты:
|
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.
|
Құндылықтарды игерту:
|
«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:
НЗМ құндылығы:
Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
Ынтымақтастық;
Жауапты азаматтық позиция;
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.
|
Пәнаралық байланыс:
|
Тарих, қазақ тілі, өнер пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.
|
АКТ-ны қолдану дағдылары:
|
Бейнеролик пен слайд
|
Бағалау критерийі:
|
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын анықтайды, ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.
|
Дескрипторлар
|
Өлең мазмұнын жете меңгереді;
Көтерген тақырыбын, негізгі идеясын анықтап, өз пікірін білдіреді;
Ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, сыни пікір білдіреді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пән лексикасы және терминология: өлең, жеті жұрттан қалған қоныс,
құтсыз қоныс; кір жуып, кіндік кескен жер; адыра қалғыр, Қазақтың хан – шегесі, жер – мұрасы; тарихи шындық, тәуелсіздік үшін күрес т.б.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Менің ойымша, өлең идеясы мен пафосы; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай дәлелдей аламын.
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Қызығушылықты ояту
Миға шабуыл
Оқушыларға слайдтан Құрманғазы, қазақтың сары даласы, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің суреттері көрсетіледі.
Оқушылар суреттер арасындағы байланысты табу керек. Қабілеті жоғары не музыкалық білімі бар оқушылар бұл суреттерде Құрманғазының «Сарыарқа» күйі көрініс тапқанын айтуы мүмкін.
Содан кейін оқушылар Құрманғазы атындағы мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрінің орындауындағы «Сарыарқа» күйін тыңдап, жұпта күй мазмұнының не жайында екеніне, жаңа сабақпен қандай байланысы бар екеніне болжау жасайды.
Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.
Топқа бөлу
|
Құрманғазы «Сарыарқа» күйі
https://www.youtube.com/watch?v=juoeZmu1JCU
http://bookshelf.kz/index.php/catalog/audiobook/5149-olengderi_men_zhyrlary
|
Сабақтың ортасы
6-10
11-20
21-25
25-37
|
Мағынаны тану
1- тапсырма Ж.,ЖЖ.
Оқушылар филология ғылымының докторы, профессор Қадыр Жүсіптің «Екі жақты, бір тілді, Сөйлейтін сөзге шешенмін…» атты ғылыми зерттеу еңбегінен «Сарыарқа» өлеңінің шығу тарихын оқып танысады.
«Сарыарқаның» жырлану тарихы
Ел ішіндегі әңгімеге қарағанда «Сарыарқаның» жырлану тарихы былай айтылады: 1878-79 жылдың жұтында Мұрат жалғыз түйесін жетелеп, үй ішін алып Маңғыстауға кетіп, нағашы жұртын паналайды. Мұраттың айтулы ақын екенін ел біледі. Адайдың қызба жігіттері: «Мұрат айтқыш дейді, сонысын байқап көрелік, өзіміздің Аралбаймен, Қашағанмен айтыстыралық. Мұрат өз ауылында жүргенде елін, жерін, Берішін мақтап дес бермейді дейді. Енді несін мақтайды, жұтаған елін мақтай ма? Қаңғып келіп біздің елден күн көріп жүр, енді айтыстырсақ, ол жеңіледі, дандайсуын қояды» деп ел арасына сөз жүгіртеді.
Мұрат мұны естіп бір кезеңі келер деп іштей ширығып жүреді. Осыны сезген үлкендер: «Мұндай әңгімені қойыңдар, Адай-Беріш әрі ағайын, әрі мұңдас елміз. Мұрат – әрі қонақ, әрі жиен. Нағашы мен жиеннің арасындағы айтыс насырға шауып, арты жақсылыққа апармауы мүмкін, тек жүріңдер» деп қойғызады.
Сөйтіп жүргенде Адай елінің үлкен жиыны болады. Айтушылардың әңгімесіне қарағанда, тоғыз болыс ел жиналады. Жиын басталарда үлкендер: «Алдымен ақындарды сөйлетейік» дейді. Сонда елдің Матжан деген атақты ақсақалы: «Оларың дұрыс болар. Алдымен сөзді әрі жиен, әрі қонақ Мұратқа берелік. Елін, жерін сағынып жүрген болар немесе біздің елдің жігіттерінің сөзі тиіп жүрген болар, өз ақындарымызды кейін көрерміз» дейді. Ел мұны мақұлдайды. Сонда іштен тынып ширығып жүрген Мұрат осы «Сарыарқасын» жырлайды. Мұраттан кейін ешкім сөйлемей жиын жалғасып кетеді. Бұл толғау осылайша туады. Сонда бұл дастан 1880 жылы жырланған екен. Х.Досмұхамедов осыны қуаттайды.
«Сарыарқа» жыры өткен заманды еске алып, сонау Асанқайғыдан бастап ата қонысты тастап, озбыр елдің басқыншылық әрекетінен ауа көшіп, жылы орындарынан қозғалғандығын ашына айтады.
Оқушылар жұбымен пікірлесіп, өлең мазмұнын болжайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |