1. Жұмбақ жасыру: а) Білімнің жолбасшысы, Шәкірттің қолбасшысы (Ұстаз)
ә) Шәкіртке жанашыр, мейірбан кім? (Ұстаз)
2. Ұстаз сөзіне буындық талдау жасату, Ұ дыбысын бөліп айтып,оның дауысты дыбыс екніне оқушылардың көзін жеткізу. Дұрыс айтуларын қадағалау.
3.Ұұ дыбысының баспа, жазба түрлерімен таныстыру. (ұ дыбысын дыбыстар ішінен өздеріне тапқызу)
4.Ұ дыбысына байланысты суреттер көрсетіп,оларды буынға бөлдіріп, у дыбысының сөздің қайжерлерінде кездесетінін оқушыларға анықтату. (Мысалы, құ-лын, бұ-тақ, ұ-я т.б) .
5. Ұұ мен Уу дыбыстарының айтылуы мен жазылуын,олардың ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіру,анықтау.
Суретпен жұмыс.Ұұ дыбысына байланысты суреттер іліп, атау. Дыбыстық талдау жасату. «Орнын тап» ойыны. Сурет бойынша Ұ әрпінен басталатын сөздерді табу.
Ұ дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында кездеседі.Сөздерді буынға бөлу.
а) Сөздерді хормен оқыту.
ә) Кітаптағы сөздерді мұғалімнің оқуы, оқушыға хормен, жек- жеке оқыту.
Сөздерді буындап не тұтас оқып үйрену, мағынасын түсіндіру.
– Ұ – Ұ - Ұ.
Балалар хормен қайталайды
Сергіту сәті: Жазылым:
Сергіту сәті: Жел улейді, Құйын кеп билейді. Қатты – қатты жел соқты,Жапырақтар қол
соқты.
1) -Балалар, бүгін біз Ұ әрпінің кіші әрпін жазып үйренеміз. (Жазып көрсету) Видео көрсету. 2) «Ұ» әрпін ауада жазу; 3) «Ұ» әрпін үлгі бойынша жазу
2-3 топ мұғалімнің жазып берген үлгі бойынша жазады. 4 топ мұғалімнің жазып бергенінің үстінен бастыру арқылы жазады.
Ауада жазады.
Қайталайды.
Бекіту:
18 беттегі бағандағы буындар мен сөздерді тізбектеле оқыту.
- Мұғалім кітаптан оқиды. ( Оқушылар қайталайды).
Оқушылар ( бір- екі ) оқиды. Барлық оқушы өз бетімен оқиды.