Жекелеген ережелер Жинақы болу, оқушылар алдына міндеттерді нақты, түсінікті қою, материалды баяндау логикасын сақтау.
Мейірман болу, оқушыларға жекімеу, олардың түүсінбегеніне немесе білмегеніне ашу шақырмау. Егер оқушылардың көбі бір нәрсені білмесе, не түсінбесе, онда қателікті оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдерінен іздеу керектігін есте сақтау керек.
Оқушы сөзін бөлмеңіз, сөзін аяқтауға толық мүмкіндік беріңіз. Жауапты түсініксіз, нақты болмауы сұрақтың түсініксіздігі салдарынан болуы да мүмкін.
Қандай талап қойылғанын, оқушылардың оларды қалай түсінгенін міндетті түрде тексеріп отыру, тапсырмалар мен нұсқаулар қысқа, нақты берілуі керек.
Оқушылардың мұғалімді қалай тыңдап отырғанын қалтқсыз қадағалау.
Балалардың зейін қоймауы- сабақ қарқынын өзгерту туралы, айтылғанды қайталау немесе сабаққа қосымша материалдар қосу туралы белгі.
Сабақты қызыға тыңдау, тапсырмаға ден қою зейін көрсеткіші екендігін ұмытпаған жөн.
Уақытты үнемдеу, сабақты дер кезінде бастау, қоңыраумен бірге аяқтау, оқушылардың белгіленген уақыттан ұзақ жұмыс істеуіне жол бермеу.
қойылған әрбір талаптың орындалуына қол жеткізу. Бірде- бір талап орындалмай, жәй айтылып қана қалмауы тиіс.
Сабақ қарқыны оқушылардың көбі үлгеретіндей жеделдетілген болуы керек.
Оқушыларды сұрақ қоюға ынталандырып отыру, олардың бастамаларына, белсенділіктеріне, бар нәрседен хабардар болуына қолдау көрсету.
Әдебиеттер тізімі: Хамзина А. Бастауыш сыныпта информатиканы енгізудің қажеттілігі /А. Хамзина, Г. Молдағалиева, Г. Қабдисалиева // Информатика негіздері. - №5 2012
Ибашова Ә. Информатиканы бастауыш мектептен бастап оқыту /Ә. Ибашова, Ж. Қадырбаева // Информатика негіздері. - №5 2013
Хамзина А. О. Информатиканы оқыту ерекшеліктері. /А. Хамзина. // Бастауыш мектеп. - №2 2010
Балафанов Е.К., Кабулова Г.С. и др. Основы информационной культуры. Методическое руководство для 1-4 классов. ТОО «Аруна LTD», 2009
Ермеков Н.Т., Ногайбаланов С.Ж. Информатика. Учебники для 2-4 класса 12-летней школы, Алматы «Алматыкитап»2012.