Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелер қарастыру Жоспар: Сабақ моделінің жасалуы


Мұғалімнің сабаққа дайындалуы. Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі



бет2/3
Дата10.12.2023
өлшемі17,92 Kb.
#136041
түріСабақ
1   2   3
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы. Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі
Сынып оқушыларының ерекшелігін есепке алу:

  • сынып деңгейі;

  • оқушылардың пәнге қызығушылығы;

  • сыныптың жұмыс қарқыны;

  • білім, білік, дағдының қалыптасуы;

  • әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым- қатынасы;

  • оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы;

  • оқушылардың жалпы тәртібі;



Жеке ерекшеліктерді есепке алу

  • жүйке жүйесінің типі;

  • тіл табысушылығы;

  • көңіл күйінің өзгеруі, эмоционалдығы;

  • оқушылардың жаңа материалды қабылдауына басшылық жасауы;

  • көңіл күйді төмендеуін жеңе білуі;

  • өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі;

  • импровизация жасай білу;

  • техникалық оқу құралдары мен электронды есептеу техникасын, түрлі оқу құралдарын пайдалана білу.



Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау:
Жалпы ережелер:

  1. Сабақтың тақырыптағы, тақырыптың жылдық курстағы орнын анықтау, сабақтың жалпы міндеттерін бөлу;

  2. Сабақ тақырыбына қатысты үш түрлі, ғылыми, ғылыми- көпшілік, әдістемелік кітаптарды таңдап алу, олардың мазмұнымен танысу;

  3. Оқу бағдарламасын қарап шығу, түсіндірме хатты қайта оқу, берілген тақырып бойынша стандарт талаптарын оқып шығу, сабаққа байланысты мұғалімнен не талап етілетінін анықтау;

  4. Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім, білік, дағдыны бөліп алу;

  5. Сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндетті бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті, олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу;

  6. Сабақта оқушы нені түсіну керек, нені есте сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені үйрену керектігін анықтау;

  7. Оқушыларға қандай оқу материалын, қандай көлемде, қандай мөлшерде баяндау керектігін, жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау;

  8. Сабақ міндеттеріне сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп алу, жаңа білім, білік, дағдыны, қалыптастыратын, жаңа материалды игеретін тиімді тәсілдерді таңдап алу;

  9. Оқушылардың дәптерлері мен тақтада не және қалай жазылатынын ойластыру;

  10. Сабақты тұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, көзделген сабақ барысын сабақ жоспарына жазу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет