Сабақты зерттеу үдерісінің бір циклінің жалпы кестесі
1. Сабақты зерттеу тобын
құру (бір немесе екі кездесу)
• Сабақты зерттеу тобына мүшелерді тарту.
• Сабақты зерттеу туралы ортақ пікір қалыптастыру.
• Жоғары сапалы кәсіби
білім туралы ойларымен
бөлісіп, топ ережесін жасауда соларға сүйену.
• Топ нормаларын белгілеу.
• Нақты мерзім белгілеп, кездесу кестесін жасау
2. Топ қарастыратын мәселені
анықтау (бір немесе екі кездесу)
• Мұғалімнің оқушыларға қатысты әзірлеген ұзақ
мерзімді жоспарында қамтылған зерттеу тақырыбын
(басты мақсат) келісу. Егер зерттеу жүргізуші
маманның міндеті мектепішілік шараларды қамтитын
болса, зерттеу тақырыбы ретінде жалпымектептік
мәселені белгілеген дұрыс.
• Пәндік саланы таңдау (мысалы, жаратылыстану
пәндері, әлеуметтік ғылымдар); егер бұл алдын ала
белгіленбеген болса.
• Қадағаланатын сабақтың нақты тақырыбы мен
бөлімін анықтауды бастау.
3. Тақырыпты зерделеу және зерттеу
сабағын жоспарлау (3-тен 8-ге дейін
кездесу
• Зерттеу сабағы үшін таңдап алынған тақырыпқа
қатысты оқу бағдарламасын, бұған дейін
өткізілген сабақтар мен зерттеулерді зерделеу,
мүмкін болса, осы салада тәжірибелі адамдардан
кеңес алу.
• Зерттеу сабағын жоспарлау, сабақ пен тақырып
бойынша белгіленген нақты жоспармен қатар,
ұзақ мерзімді жоспардың қамтылуын назарда
ұстау қажет. Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
• Егжей-тегжейлі сабақ жоспарын жазу.
• Сабақ жоспарының бір бөлігі ретінде қандай
дерек жиналуы керектігі көрсетілетін дерек жинау
жоспарын әзірлеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: