біреу қызба, ашушаң, сабырсыз, басқасы байсалды және салмақты
Біреу еңбекқор және қарапайым, басқасы жалқау және өркөкірек
Осының бәрі,
- қабылдау,
- ес,
- ойлау,
- қиял,
- сезім мен ерік,
- темперамент
- және мінез көріністері — адам психикасының құбылыстары.
Ал психикалық құбылыстарды зерттейтін ғылым - психология деп аталады
«Психология» сөзі гректің екі сөзінен пайда болған: «psiche» - жан, және «logos» ғылым, ілім. Дәлме-дәл аударғанда, психология – адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым.
Бастапқыда «жанды» (қазіргі кезде де идеалистердің, діни көз-қарасы бойынша) өлмейтін, өшпейтін, тәнсіз адам денесінде өмір сүріп өлген кезде ұшып кететін нәрсе деп есептеген.
Жоғарыда сипатталған психикалық құбылыстар осы «жанның» қасиеттері мен көріністері деп есептелген. Ғылымның ескі атауы, «жан» деген сөз біздің тілде де сақталған, алайда басқа мазмұнда: «жан құбылыстары» дегеніміз психикалық құбылыстар болып түсіндірілсе, «жан» деген сөз адамның психикасын, оның ми іс-әрекетінің өнімін білдіреді.
Ертедегi гректің данышпан ғалымы Аристотель өзiнiң "Жан туралы" атты еңбегiнде алғаш рет психикалық құбылыстарға жүйелi талдау жасаған.
Арситотель б.э.д. 384-322 ж.
өмір сүрген
Екiншi жағынан, психикалық құбылыстарды және оның заңдылықтарын ғылыми эксперименталды тұрғыда зерттеу шын мәнiнде XIX ғ. ортасынан бастап, қалыптаса бастады.
1879 жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырды. Мұның өзі психологияның философия қойнауынан бөлініп шығып, дербес эксперименттік ғылым ретінде дамуына себепкер болды
В. Вундт (1832-1920)
Психология жан туралы ғылым ретінде
Психология сана туралы ғылым ретінде
1 кезең
2 кезең
Мұндай анықтама бұдан 2000 жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан бар деген ұғыммен өзіне түсініксіз құбылыстардың бәрін түсіндіруге тырысқан.
XVII-ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуымен байланысты. Ойлану, сезіну, тілек білдіру қабілеттері сана деп есептелген. Зерттеудің негізгі әдісі - адамның өзін-өзі бақылап (интроспекция), оны сипаттау болған.
Достарыңызбен бөлісу: |