Психологияның ғылыми зерттеу әдістері Психологияның ғылыми-зерттеу әдістері негізгі қосалқы бақылау эксперимент лабораториялық табиғи кесінді (қысқа мерзімді) лонгитюдты (ұзақ мерзімді) жасырынды кірістірілген психологиялық-педагогикалық жаппай ішінара анықтаушы қалыптастырушы бақылаушы қосалқы әдістер тест (сынақ) іс-әрекет өнімдерін талдау әңгіме өмірбаян егіздер әлеуметтік өлшем (социометрия) анкета интервью еңбек ойын оқу егіздер жұбы ажыратылған егіздер әдісі Бақылау - белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Бақылау әдісі арқылы адамның барлық психикалық құбылыстарын зерттеуге болады. Мысалы: ым-ишарасын, қимыл-қозғалысын, мінез-құлқын, сөз реакцияларын, темпераментін т.б. Қысқа мерзімді бақылауда әдетте барлық балаға бір жағдай туғызылып, олардың мінез-қылығы, эмоциялық реакциялары салыстырылады. Лонгитюдті (ұзақ мерзімді бақылауда) бір немесе бірнеше баланы ұзақ уақыт бойы кейбір кезде бірнеше жылдар бойы бақылайды. Жаппай бақылау – баланың мінез-құлқындағы көптеген жақтарын қамтиды. Оның міндеті - баланың мінез-құлқының көптеген жақтарын белгілеу. Ішінара бақылау – белгіленген жоспар бойынша бала мінез-құлығының бір ғана жағын белгілейді. Мысалы, баланың эмоциялары, тілінің дамуы т.б. Жасырынды бақылау жүргізгенде бақылаушының фигурасы, балаға көрінбей, өзіне көңіл аудартпауы тиіс. Кірістірілген бақылау – бақылаушы зерттелінуші топтың бір мүшесі болғанда жүзеге асырылады.