Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру кезеңі Сан түзеп жүру. Топқа бөліну. Кіріспе сөз



Дата05.05.2023
өлшемі14,99 Kb.
#90727
түріСабақ
Байланысты:
эстафета


Алғы сөз.
Тақырыбы: Спорт – біздің досымыз!
Мақсаты:
1. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру.
2. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу.
3. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.
Көрнекіліктері: доп, шар, кедергілер, секіртпе, арқан.

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сан түзеп жүру.
Топқа бөліну.

Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Сіздерді Спорт - біздің досымыз! Атты спорттық шарамызға шақырамыз. Еңкейген кәріден бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғамда, мектепте жағдай жасап, денсаулықты сақтауға атсалысуымыз қажет. Ол үшін күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауды, жүгіруді әдетке айналдыруымыз керек, сонда ғана егеменді еліміздің мықты азамат болып өсеміз.
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстыра кетейін.

Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Біреуі озса сайыста
Біреуі артта қалады.

Құттықтау.
Жеңіске жеткен командаларды марапаттау.
Жүргізуші:
Құрметті ұстазымыз!
Бір тілек айтарымыз,
Берекелі заман болсын,
Шәкірттеріміз аман болсын!
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында,
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
Бүгінгі «көңілді мәре» жарысын,
Осымен аяқтаймыз!
Мейрамдарыңыз құтты болсын! Рахмет.

Олар:
1. Эстафеталық жарыс (доппен кедергілер арасынан жүріп өту)
2. Повар ойыны (шарикті екі қасықпен қазанға тасу)
Музыкалық сәлем.
3. Баскетбол торына доп лақтыру (баскетбол добын кедергілер арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке салу)
4. Калькулятор ойыны (эстафета берілген есепті шығару
Музыкалық сәлем.
5. Кенгуру (секіртпе доппен кедергілер арасынан секіріп келу)
6. Капитандар сайысы белдегі шығыршық (әр топтың капитандары шығып жарысқа түседі)
Музыкалық сәлем.
7. Кім шапшаң картоп отырғызу (кішкентай күрек, тырманы белгілі жерден алып, біржерден екінші жерге картоп отырғызу)
8. Арқанға өрмелеу, биік шыңға шыққан ең мықты топ (әр топ арқанға өрмелеп, биік шыңға шығу)
Музыкалық сәлем.
9. Қиын жолдан өту (әр топ ұзын трубаның арасынан өтіп, алға домалап кедергіні айналып келеді)
10. Ойлан тап, сиқырлы сандық. (үш сандық қойылады, соның ішіндегісін табу керек.)
Жүргізуші: Ал, құрметті спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыздар, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды.
Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына беру.
Жеңілденгендер реңжімей.
Тараса бізге жарады.
Сабырлы да салмақты
Білімді де өнерлі
Білікті де жүректі.

«Сіздерге жеңіс тілейік»- дей отырып ортаға үш топты шақырамыз. Қарсы алыңыздар.
І топ «Денсаулық»
ІІ топ «Қыран»
ІІІ топ «Көгершін»
А) Таныстыру рәсімі өтеді
Ә) Сәлемдесу рәсімі өтеді
Б) Топ ұрандары айтылады

Эстафеталық жарысымызды бастайық.

1 - ші ойын. Секіртпемен секіру.
Шарты: 3 топ белгі берісімен секіртпемен секіріп барып, есептер жазылулы тұр, соның жауабын жазу.

2 - ші ойын. Аққала.
Шарты: а) Үлкен резеңке доптың үстіне отырып, секіріп жарысу.
ә) Допты жерге ұрып жүгіру.
б) Футбол добын теуіп бару.

3 - ші ойын. Самокат тебу.
Шарты: Самокатпен жүріп кедергілердің арасынан өтіп жарысу.

4 - ші ойын. Арқан тарту.
Шарты: Белгі бойынша әрбір топ арқанды өз жағына арай тартады. 3 рет тартысқаннан кейін 2 рет өз жағына арқанды тартып шығарған топ жеңімпаз болып танылады.

Сайысымыздың соңғы 3 - ші бөлімі. Қимылды ойын.
Шарты: 3 топ қосылып ойнайды. Шеңбер бойымен иығынан бірін - бірі ұстап бір аяқтап секіріп шеңберді айнала жүреді. Кімде - кім ілесе алмай аяғын түсіріп немесе құлап қалса, сол ойыншы ойыннан шығады. Осылайша ойын жалғаса береді. Ең соңына дейін құламаған ойыншы жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Міне, бүгінгі Спорт – біздің досымыз атты эстафеталық жарысымыз өз мәресіне жетті.
Құрметті әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Топтарды мадақтау, құттықтау.
Жүргізуші: Осымен бүгінгі эстафеталық жарысымыз аяқталды.
Қош сауболыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет