Нұртас: «Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды».
Жүсіп Баласағұни.
Қажымұқан: «Адамдағы ынсап, әділет, мейірім — үшеуін қосып айтқанда ұждан деген ұғым шығады» деген Шәкәрім
Ситора: «Жақсы тәрбие мен ақыл күші болып, екеуі біріккенде — бұлар адамшылық қасиеттері болып табылады» Әл-Фараби
ІІІ кезең. Жалғасын тап…
(мақалдардың жалғасын табу)
Әдепті бала-
Әдептілік белгісі-
Тәрбиелі адам-
Атаңа не қылсаң –
Жақсы бала сүйік-
Әдепсіз өскен адамнан-
Жеті атасын білмеген-
Ұяда не көрсең…
Ұлық болсаң –
Ашу – … , ақыл -…
ІV кезең. Шығармашылық жұмыс.
(Әдепті бала – арлы бала)
Мұғалім: -Ал, балалар, үйден эссе жазып келіңдер дегенмін. Оқи қойыңдар.
Оқушылар шығармаларын оқып, плакатқа өз ойларын түсіреді. Жұмыстарын қорғайды.
Осыдан кейін тәртіпсіздік туралы видео көрсетіліп, талқыланады.
VI кезең. Хаттар сырына үңілейік
Мұғалім: Балалар, мына біздің поштп жәшігімізге хаттар келіпті. Біреуін алып оқып көрейік.
Хатта былай делінген: -Құрметті достар! Мен жанұяда жалғыз баламын. Сондықтан да әке-шешем айтқанымды жасап еркелетеді. Әке-шешем менен ешнәрсені аямайды. Барлық зат оңай келетіндіктен мен өмірге жеңіл қараймын. Бос уақыттарымды көше кезіп бұзақылық жасаймын. Ұрлық та жасаған кездерім болды. Бұның ақыры немен тынарын білмеймін. Ата-анам ешнәрседен хабарсыз. Егер білсе ше… Мені аямайды. Мен өмірден жалығып барамын.Ешнәрсе қызықсыз болып кеткен. Мен өмірімді қайтадан келтіру үшін не істерімді білмей жүрмін. Басым қатты. Достар, дұрыс жолға түсуге қандай ақыл-кеңес бересіңдер? Сендерден көмек күтемін. Сәлеммен Дарын.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады,ақыл-кеңестерін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |