Сабақтың көрнеклігі : ысқырық, доп, шар, эстафеталық таяқша, секіртпе жіп, түрлі-түсті гүлдер. Реклама



Дата16.10.2022
өлшемі19,14 Kb.
#43499
түріСабақ
Байланысты:
«Гүлдер патшайымында қонақта»Эстафета



«Гүлдер патшайымында қонақта»Эстафета


Мақсаты:
1.Эстафеталық ойын түрлерін үйрету.
2.Балалардың қимыл-іс әрекеттерімен дағдыларын жетілдіру.
3.Ойын арқылы бала организімін шынықтыру.
Сабақтың көрнеклігі: ысқырық, доп, шар, эстафеталық таяқша, секіртпе
жіп, түрлі-түсті гүлдер.


РЕКЛАМА
Эстафета барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
II.Негізгі бөлім.
III.Қорытынды бөлім.

Ұйымдастыру бөлімі.


Дайындық жаттығулары.
1.Басқа арналған жаттығулар. Алдымен басымызды оңға,содан кейін солға бұрамыз .. Белімізге қолмызды қойып,сағат тілімен басымызды айналдырамыз.
2.Иыққа арналған жаттығулар. Белімізге қолымызды қойып, иығымызды алға 2 рет, артқа 2 рет қозғаймыз. Содан кейін иығымызды жоғары көтереміз (4рет).
3.Қолға арналған жаттығулар.
Қолымызды 1дегенде алға созамыз, 2 дегенде жоғары көтереміз,3дегенде екі жаққа созамыз,4дегенде қолымызды түсіреміз.(2рет қайталаймыз).
4.Белге арналған жаттығулар. Қолымызды белге қойып оңға(2рет), солға(2рет) иеміз. Белімізді сағат тілімен айналдырамыз(2рет).


II.Негізгі бөлім. Балаларды бірінші-екіншіге санатып екі топқа бөлеміз. Топқа ат қоямыз. Ойын шартымен түсіндіру.

-Балалар бүгін біз Гүлдер патшайымына қонаққа барамыз.Гүлдер патшайымының үйінде әр түрлі гүлдер көп екен.Жүріңдер бәріміз қонаққа барамыз.




-Сәлеметсіңдер ме балалар,көңіл күйлерің қалай.?Менің Гүлдер патшалығыма хош келдіңдер ! Баллалар сендердің келгендеріңе қуаныштымын.Балалар менің патшалығымда гүлдердің түрлері өте көп,бірақ осы гүлдердің арасында тікендер бар ,осы тікендерді тазалауға көмектесіп жіберіңдерші
-Қане балалар Гүлдер патшайымына көмектесеміз бе?


Эстафеталық тәсілмен өткізілетін ойын.

Гүлдер арасынан тікенектер жинау.


-Екі топ алдына бірдей сызық сызылады. Сызықтан 10-20м жерге әр түрлі гүлдер мен тікенектер шашып қойылады. Әр команданың бірінші ойыншысы алдымен тікенектерді бір-бірден гүлдердің арасынан теріп жинап шығады.. Ойын шартын бұрын орындаған топ, жеңіске жеткен болып (10ұпай) қосылады. Келесі топқа (5ұпай) беріледі




Түрлі -түсті гүлдер.
Екі топтың балалары әр түрлі гүлдерді себеттерге бөліп салып шығады .Қай топтағы себеттегі гүлдердің саны көп болса ,сол топ жеңіске жетеді.
Кім жылдам,әрі епті.
Төреші белгісі бойынша командалар жеңіл шарды жоғары әуеге лақтырып,қайта қағып алып белгіленген жерге дейін барып қайтады. Қай команда бірінші келеді сол командаға (10ұпай),екінші командаға (5ұпай) беріледі.

-Балалар сендер өте ұқыпты және жылдам екенсіңдер.Менің патшалығымдағы гүлдерді тікенектерден тазартып,әдемі гүлдерімді түстеріне қарай ажырытып бердіңдер .Мен қатты қуанып тұрмын. Сендерге үлкен рахмет.


Қорытынды бөлім.Балаларды сапқа тұрғызамыз. Тыныс алу жаттығуларын жасатамыз. Қай команда жеңіске жеткенін хабарлаймыз.


Бағалау. Ойынға жақсы қатысқан мадақтау,бағалау.
Эстафета аяқталды. Сау болыңдар!


РЕКЛАМА



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет