Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік


Әр түрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы 1-кесте



бет2/4
Дата29.03.2023
өлшемі326,69 Kb.
#77077
түріСабақ
1   2   3   4
Әр түрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы 1-кесте

Ортада

Дыбыс жылдамдығы, м/с

Ауа

330

Су

1480

Болат

4380

Мыс

3800

Темір

5850

Шыны

5600

Сутек

1280

Каучук

50

Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі.
Ауада тарайтын дыбыс толқындары серпімді бойлық толқындар болып табылады.
Дыбыстың қаттылығы неге байлынысты болатынын анықтау үшін камертонды қолданады.
Интербелсенді тақтада камертонды видео арқылы көрсету

Камертон – доға тәрізді қысқы сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады. Мектеп камертондары бірінші октаваның “ля” нотасына сәйкес келетін дыбыс шығарады.
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.
Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Өлшем бірлігі – Децибел (дБ)
1847 -1922 жылдары өмір сүрген, телефонды ойлап тапқан американдық өнертапқыш Генри Белдің құрметіне бел деп аталған. 1 бел = 10 дБ –ге тең.
Кейбір дыбыс көздері шығаратын дыбыстың қаттылық деңгейінің мәндерін 2 кестеден көре аламыз.

Дыбыс көзі

Дыбыс қаттылығы, дБ

Құлақтың ауыртпалықты сезіну шегі

130

Ұшақтың көтерілуі

120

Дискотекадағы музыка

110-120

5-7м қашықтықтағы автомобиль сигналы

100

Жүк машинасының жұмыс істеп тұрған қозғалтқышының шуы

80

Көше шуы

70-80

3м қашықтықтағы шаңсорғыш дыбысы

70

Тас жолдағы автомобиль қозғалысы

50-60

Әңгіме-сұхбат

40

Тұрғын үйлердегі шу нормасы

20-30

Жапырақтың сыбдыры

10



Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын тон деп атайды.Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.
Слайд:8,9
Тембр –адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.Интербелсенді тақтадан жануарлар мен құстардың дауысын қосу
Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.
Акустикалық резонанс деп дыбыс тербелісі кезінде меншікті тербеліс жиіліктері сәйкес келетін құбылыс.

Жаңғырық – қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.
s=
Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында, естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.
Жұмсақ жиһаздары бар, кілем төселген және ада көп жиналған бөлмелер дыбыс толқындарын жақсы жұтады, мұндай орындардың реверберациясы аз болады.
Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды.
Ультрадыбыстар техникада және медицинада кеңінен қолданылады.
Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын анықтау тәсілі эхолокация деп аталады.
Медицинада (УЗИ) адам денесін ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу)үшін пайдаланылады.
Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтақталады, металдарды және аса қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асады.

  • Есептер шығару(оқулықпен жұмыс)

26- жаттығу
1.Кез келген тербелетін дене ауада механикалық толқын тудырады.Неліктен онда олардың барлығы да дыбыс толқындарын таратпайды?
Жауабы:Дыбыс таралу үшін дыбыс көзі мен дыбыс қабылдағыш арасында серпімділік қасиеті бар қандай да бір орта болуы тиіс.
2.
Бер: Шешуі:
ν=510Гц υ=λν
υ=340м/с λ= = =0,7м
т/к λ-?
3
Бер: Шешуі:
t=10с υ=
υ=343 м/с s=υt=343м/с·10с=3430м
т/к s-?
5
Бер: Шешуі:
ν=740Гц υ=λν
υ=1480м/с λ= = =2 м
т/к λ-?


27- жаттығу
1.
Бер: Шешуі:
s=200м s= t= = =1,2с
υ=340м/с
т/к t-?
2
Бер: Шешуі:
t=4,5с s= = =765м
υ=340 м/с
т/к s-?
4
Бер: Шешуі:
ν=435Гц υ=λν
υ=340м/с λ= = =0,78 м
т/к λ-?
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет