1.Көшпенділер жау әскерінің жақындағанын қайдан біліп отырған? Жауабы:жер үлкен арақашықтықта дыбыстарды жеткізеді.Адамның жерге жатып тыңдаған.Көптеген әскердің дауысы гуілболып алысқа естіледі. 2.Жазық далада жаңғырықтың естілуі мүмкін бе? Жауабы: жоқ, дыбысты шағылдыратын зат жоқ 3.Қару жаратқан оқ атқанда неге дыбыс шығады? Жауабы:Патронның атылуынан тез сығылған ауа дыбыс толқынын тудырады. 4.Қамшыны кенеттен сермеп қалғанда неге дыбыс шығады? Жауабы:Қамшыны сермегенде шығатын дыбыс ауаның тізбекті тербелісінен туады.Тербеліс жиілігі қамшының қозғалыс жылдамдығына байланысты болады. 5.Киіз үйдің ішіндегі дауыстардың шығуына кілемдер мен түс киіздердің әсері қандай болады? Жауабы:Жұмсақ маталар және кілемдер дыбыс толқынының энергиясын өшіреді, дыбыс қаттылығы азаяды.Осыдан дыбыс тыныш естіледі. 6.Күндізгіге қарағанда дауыс түнде неге қаттырақ шығады? Жауабы:түнде дыбыс таралып кететін ауа конвекциясының ағыны аз болады. 7.Немістің ұлы композиторы Бетховен өзінің кездегі симфонияларын,сонаталарын, басқа да тамаша шығармаларын саңырау кезінде жазған,сонда Бетховен шығармаларын қалай жазды? (таяқшаның бір ұшын рояльдің қақпағына тіреп қою арқылы байланыстырған)
І топ «Физиктер»тобы Физикалық диктант. (Иә, жоқ деп жауап беру)
1.Дыбыс – есту түйсігін туғызатын серпімді толқындар.
2. Жиілігі 20Гц - тан жоғары толқындарды адам құлағы естиді.
3. Найзағай – табиғи дыбыс көзі.
4. Акустика – дыбысты зерттейтін физика бөлімі.
5. Дыбыс қаттылығы тербеліс жиілігімен анықталады.
6. Дыбыс тоны тербеліс жиілігімен анықталады.
7. Дыбыстың аудағы жылдамдығы 230 м/с.
8. Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі – Бел.