Сабақтың мақсаты: Алгоритм ұғымымен, алгоритмның қасиеттері және оның түрлерімен танысу. Сұрақтар



бет2/6
Дата09.03.2023
өлшемі450,67 Kb.
#72711
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1- дәріс. Алгоритм негіздері

2. Алгоритм қасиеттері


НӘТИЖЕЛІЛІК
АЛГОРИТМ
ЖАЛПЫЛЫҚ
МОДУЛЬДІК
ДЕТЕРМИНДІЛІК

Алгоритм қасиеттері


Алгоритмнің мәнін ашатын негізгі қасиеттері немесе оған қойылатын талаптар болады. Олар:
1) детерминділік (анықтылық, бір мәнділік) – басқаша түсінуге жол бермей, тек қана көрсетілген әрекеттерді айқын түрде орындауға арналған нұсқаулар дәлдігі, яғни алгоритм анық, әрі дәл өрнектелуі тиіс;
2) оның модульдік (бөлікке бөліну) қасиеті, яғни алгоритмді шағын бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы қажет, яғни есептеу процесін жекеленген қарапайым операцияларға бөлу қасиетінің болуы;
3) оның нәтижелілік (шектеулілік) қасиеті алгоритм шектелген уақыттан соң нәтиже беруі тиіс, яғни алгоритм қадамдары-ның саны шексіз болмауы керек;
4) бір типтегі (біртектес) есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы тиіс – жалпылық қасиеті.

3. Алгоритмнің өрнектелу жолдары

  • Алгоритмдерді компьютерде орындау үшін оларды алдын ала жазып алу керек, яғни ол белгілі бір заңдылықпен өрнектелуі тиіс. Жалпы алгоритмді өрнектеу түрлеріне:

  • 1) табиғи тіл арқылы жазу;
    2) белгілі бір түйінді сөздер – терминдер (псевдокод-тар - жалған кодтар) арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те айтады;
    3) график жолымен (блок-схема арқылы) жазу;
    4) программалау тілдерінде жазу жолдары жатады.
  • Алгоритмді табиғи тілде өрнектеу компьютердерде қолданылмайды, өйткені онда дәлдік, нақтылық болмайды.
  • Ал алгоритмді екінші көрсетілген жолмен өрнектеу қарапайым алгоритмдік тіл деп аталып кеңінен қолданылып жүр. Мұны олардың ағылшын тіліне негізделіп жасалған программалау тілдеріне жақындығымен түсіндіруге болады.
  • Алгоритмдерді график жолымен жазу, онан кейін оны программалау тіліндегі программаға айнал-дыру істері мемлекеттік стандартпен бекітіліп ақпа-рат өңдеу жұмысында кеңінен қолданылып келеді.

y := a+b
Е15
Алгоритмдерді график жолымен жазу
  • Алгоритмдерді график арқылы бейнелеу түсінікті, анық, көрнекті түр болып есептеледі. Тек оларды сызу көбірек еңбекті талап етеді.
  • Графикалық жолмен алгоритмдерді жазу үшін мемлекеттік стандарт белгіленген, онда кез келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен (блоктармен) өрнектеледі. Ол фигуралар операциялар символы деп те аталады.
  • Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі орналасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет