Сабақтың мақсаты: Алгоритм ұғымымен, алгоритмның қасиеттері және оның түрлерімен танысу. Сұрақтар


Алгоритмдердің бірыңғай құрылымдары



бет3/6
Дата09.03.2023
өлшемі450,67 Kb.
#72711
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1- дәріс. Алгоритм негіздері

4. Алгоритмдердің бірыңғай құрылымдары
Кез келген алгоритмді (программаны) блоктардың өзара байланысуына қарай төмендегідей үш түрлі басқару құрылымын пайдалану арқылы жазып шығуға болатындығы дәлелденген:
  • сызықтық құрылым немесе тізбектелген әрекеттер тізбегі;
  • тармақты құрылым немесе шартты тексеру;
  • қайталау немесе циклдік құрылым.
  • Осы үшеуі құрылымдық программалаудың негізгі конструкциялары, яғни құраушылары болып саналады.
  • Программадағы кез келген әрекетті (операторды) оның кіру нүктесі арқылы тауып орындауға болады (осы тәсілмен табылмайтын операторлар және шексіз циклдер болмауы тиіс).
  • Мұндай алгоритмді – программаны басқару ісі жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі. Түсініктеме мәтін (комментарий) қосылған осындай програм-малар оқуға және түсінуге жеңіл болып есептеледі.

Оператор – тілдің қарапайым сөйлемі, ол белгілі бір әрекет немесе амал орындап, ; таңбасымен аяқталады.
Сызықтық құрылым бірінен кейін бірі орындалып тізбектеле орналасқан бірне-ше операторлардан тұрады.
Тармақты құрылым – шартқа байланысты екі оператордың бірінің орындалуы.
Цикл – операторлар бөлігінің бірнеше рет қайталана орындалуы.
Төменде алгоритмдердің бірыңғай құрылымдарының сызбалық (схемалық) бейнеленуі көрсетілген
Мұнда a және b-ның сандық мәндерін программаға енгізіп (2-блок), содан кейін қосу ама-лын орындап, ақырында y-ті қағазға басып шығарып, жұм-ысты тоқтатамыз.
y = a + b формуласы есептеу блогы (3-блок) арқылы өрнек-теледі. Ал нәтижені қағазға ба-су үшін көпбұрышты құжат алу блогын (4-блок) пайдала-нып, оның ішіне нәтиженің атауларын жазамыз.
басы
a, b енгізу
y := a + b
y
соңы
1
2
3
4
5
5. Сызықтық алгоритм

6. Тармақталу алгоритмдері


Тармақталу алгоритмінде арифметикалық теңсіздік (тең-дік) түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. P шар-тының мәні ақиқат (true) немесе жалған (false) бола ала-тын логикалық өрнек түрінде болады. Егер ол орындалса – ақиқат болса, онда алгоритм бір жолмен, ал орындалма-са – екінші жолмен жүзеге асырылады, яғни есепті шы-ғару жолы тармақталып екіге бөлініп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет