Алгоритмнің мәнін ашатын негізгі қасиеттері немесе оған қойылатын талаптар болады. Олар:
1) детерминділік (анықтылық, бір мәнділік) – басқаша түсінуге жол бермей, тек қана көрсетілген әрекеттерді айқын түрде орындауға арналған нұсқаулар дәлдігі, яғни алгоритм анық, әрі дәл өрнектелуі тиіс;
2) оның модульдік (бөлікке бөліну) қасиеті, яғни алгоритмді шағын бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы қажет, яғни есептеу процесін жекеленген қарапайым операцияларға бөлу қасиетінің болуы;
3) оның нәтижелілік (шектеулілік) қасиеті алгоритм шектелген уақыттан соң нәтиже беруі тиіс, яғни алгоритм қадамдары-ның саны шексіз болмауы керек;
4) бір типтегі (біртектес) есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы тиіс – жалпылық қасиеті.
3. Алгоритмнің өрнектелу жолдары
Алгоритмдерді компьютерде орындау үшін оларды алдын ала жазып алу керек, яғни ол белгілі бір заңдылықпен өрнектелуі тиіс. Жалпы алгоритмді өрнектеу түрлеріне:
1) табиғи тіл арқылы жазу;
2) белгілі бір түйінді сөздер – терминдер (псевдокод-тар - жалған кодтар) арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те айтады;
3) график жолымен (блок-схема арқылы) жазу;
4) программалау тілдерінде жазу жолдары жатады.
Алгоритмді табиғи тілде өрнектеу компьютердерде қолданылмайды, өйткені онда дәлдік, нақтылық болмайды.
Ал алгоритмді екінші көрсетілген жолмен өрнектеу қарапайым алгоритмдік тіл деп аталып кеңінен қолданылып жүр. Мұны олардың ағылшын тіліне негізделіп жасалған программалау тілдеріне жақындығымен түсіндіруге болады.
Алгоритмдерді график жолымен жазу, онан кейін оны программалау тіліндегі программаға айнал-дыру істері мемлекеттік стандартпен бекітіліп ақпа-рат өңдеу жұмысында кеңінен қолданылып келеді.
y := a+b
Е15
Алгоритмдерді график жолымен жазу
Алгоритмдерді график арқылы бейнелеу түсінікті, анық, көрнекті түр болып есептеледі. Тек оларды сызу көбірек еңбекті талап етеді.
Графикалық жолмен алгоритмдерді жазу үшін мемлекеттік стандарт белгіленген, онда кез келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен (блоктармен) өрнектеледі. Ол фигуралар операциялар символы деп те аталады.
Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі орналасады.