Сабақтың мақсаты: Алгоритм ұғымымен, алгоритмның қасиеттері және оның түрлерімен танысу. Сұрақтар



бет1/6
Дата09.03.2023
өлшемі450,67 Kb.
#72711
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1- дәріс. Алгоритм негіздері


Дәріс беруші
Құрметқан Тұрдыбек
1-дәріс
Алгоритм және
оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Алгоритм ұғымымен , алгоритмның қасиеттері және оның түрлерімен танысу.


Сұрақтар:
  • Алгоритм, программа ұғымы.
  • Алгоритм қасиеттері
  • Алгоритмнің өрнектелу жолдары
  • Алгоритмдердің бірыңғай құрылымдары
  • Сызықтық алгоритмдер
  • Тармақталу алгоритмдері
  • Алгоритм атауы атақты шығыс математигі абу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763-850 ж.ж. ) есімінің латынша Algorіthmі (Алгоритми) болып жазылуынан шыққан.
  • Ол санаудың ондық жүйесінде көпорынды сандармен арифметикалық амалдарды бағана түрінде орындау ережесін (алгоритмді) алғаш рет ойлап тапқан.
  • Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.

1. Алгоритм, программа ұғымдары
Алгоритм берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.
Алгоритмді орындаушының (атқарушының) рөлін негізінен адам, компьютер, робот, т. б. атқарады.
Мысалы, y = (ax+b)(cx-d) функциясын есептеу төмендегі қарапайым іс-әрекеттерден тұрады:
  • 1) а-ны х-ке көбейту, оны R1 деп белгілеу;
  • 2) оған b-ны қосу, нәтижесін R2 деп белгілеу;
  • 3) с-ны х-ке көбейту, оны R3 деп белгілеу;
  • 4) одан d-ны алу, оны R4 деп белгілеу;
  • 5) R2-ні R4-ке көбейту, оны y деп белгілеу.

Алгоритмге тұрмыстан алып бір мысал келтіре кетейік. Студент болу үшін алгоритмнің мынадай қадамдарын орындау керек.
1. Орта мектепті бітіріп, тест (ҰБТ) тапсыру.
2. Конкурстан өту.
3. Керекті құжаттарды тест нәтижесімен бірге белгілі оқу орнының таңдап алынған маман-дығына (колледжге, институтқа, академияға, университетке) өткізу.
  • Компьютерде орындау үшін есептің шешу жолы, яғни орындалатын әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі дәл болуы қажет.
  • Берілген есептің шешу жолдарының түсініктілігін оның алгоритмінің түсініктілігі деп қарастырады.
  • Алгоритмде алдыңғы әрекеттің нәтижесі келесі әрекетте пайдаланылады.
  • Алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында атқарушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау қажеттігін әрі түсінікті, әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар тобын алгоритм деп атайды.
  • Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны прог-рамма түрінде жазып шығу керек.
  • Программа – алгоритмді машинаға түсінікті нұсқаулар тізімі (командалар) ретінде жазу.
  • Программа машинаға түсінікті командалардан тұрады. Осы командаларды орындау барысында есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын ала жазылған программамен жұмыс істейді.
  • Программа дегеніміз – белгілі бір нәтиже алу үшін орындалатын командалдардың айқындалған тізбегі.
  • Процессор программаның құрамындағы команда-ларды біртіндеп кезекпен орындап отырады.
  • Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде беріледі.
  • Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпаратты тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағазға басып шығару командасы; келесі командаларға көшу тәртібін орындау, т.с.с.
  • Компьютердің жұмысы программалық принципке негізделген, яғни ол өзінің жадында сақталатын командалар тізбегін автоматты түрде орындау арқылы есеп шығарады.
  • Компьютер берілген тапсырманы орындауға дайын тұрған техникалық аспап болғандықтан, әрбір тапсырманы түсінікті түрде қысқаша жаза білу қажет.
  • Тапсырма жекеленген командалардан тұрады.
  • Программа – арнайы мәтін арқылы компьютерге тапсырманың ретті кезегін хабарлайтын ережелер мен нұсқаулар тізбегі.
  • Алгоритмдік тіл – алгоритмдерді жазуға арналған символдар мен сол символдардан тұратын конструкцияларды құрастыру және түсіндіру ережелерінің жиыны.
  • Алгоритмдеу дегеніміз – есепті шығару алгоритмін құрастыру процесі (үдерісі).
  • Мәліметтер дегеніміз – белгілі бір процесс көмегімен тасымалдап, өңдеуге болатын, формальды (жасанды) түрде бейнеленген фактілер мен идеялар.
  • Программалау тілі компьютерлерде программаларды орындау ісін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет