Сабақтың мақсаты: Қан айналым мүшелерін түсіндіру Сабақтың міндеттері



бет4/4
Дата18.06.2023
өлшемі269,73 Kb.
#102122
түріСабақ
1   2   3   4
Вена қантамырлары (латынша «vena» – қантамыр, сіңір) – мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұқсас веналардың да қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен қабырғасы жұқа, жұмсақ, серпінділігі аз болады. Вена тамырларының бір тобы терінің астына жақын орналасқандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Артерияларға қарағанда веналарда қан қозғалысы баяу.
Вена қантамырлары орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Веналық қантамырларымен қанның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшықеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын вена қаны алдымен ұсақ вена қантамырларына жиналады. Ұсақ вена қантамырлары өзара қосылып, ірі вена қантамырларын түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын вена қантамырлар жоғары және төменгі қуысты вена қантамырларына айналады. Бұл екі вена қантамырлары вена қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.
Өкпеден келетін 4 өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге артерия қанын тасиды.
Вена тамырларының ерекшелігі – ішінде жарты ай тәрізді қақпақшалары болады (63-сурет). Ол қақпақшалар қанның жүрекке қарай қозғалуына әсер етпейді, тек кері ағуына кедергі жасайды.
Капилляр қантамырлары (қылтамырлар) – латынша «capіllarіs» – шаш тәрізді қылдай) адам шашынан 50 есе жіңішке. Олар дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайды. Капиллярлардың қабырғасы өте жұқа, эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады. Капиллярлармен қан өте баяу қозғалады. Олардың жұқа қабырғалары арқылы қан мен ұлпаның арасында газ алмасады. Сондықтан қан еріген оттегінің көбін ұлпаға беріп, көмірқышқыл газымен қанығып, вена қанына айналады. Қандағы қорек заттар капиллярлардың қабырғасымен ұлпаларға өтіп, ұлпадан зат алмасу өнімдері қанға беріледі. Капиллярлардан қан веналарға жиналады. Капиллярлардың қабырғалары өте жұқа болғандықтан еріген қоректік заттар, оттек, көмірқышқыл газы, алмасу өнімдері оңай өтеді. Химиялық және жүйке тітіркендірулерінің әсерінен капиллярлар бірде кеңейіп, бірде тарылады. Капиллярларда қан қысымы артерия тамырларынан төмен болады (5-кесте).
Қорыта келгенде, адам ағзасында қан – артериялар, веналар, капилляр қантамырларының бойымен ғана ағады.
ІV. Бекіту. Сонымен қорта келегенде төмендегі сөздерге сипаттама беріңіздер:
Жүрек. Жүрек тобы, қолқа, жүрек жұмысын реттеу, эпикард, миокард, эндокард, қарыншалар, жүрекшелер, жақтаулы қақпақшалар, айшық тәрізді қаақпақшалар, артериялар, артериола, веналар, капиллярлар қан айналым мүшелері.
Үйге тапсырма беру. Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың қызметін оқу.
Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет