Көктамырлар (лат. vena) — мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. күретамырына ұксас көктамырлардың да кабырғасы 3 кабаттан тұрады. Күретамырға қарағанда көктамырлардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен, қабырғасы жұка, жұмсак, серпімділігі аз болады. Көктамырлар бір тобы терінің астына жақын орналасқандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Күретамырларға қарағанда көктамырларда қан козғалысы баяу.
Көктамырлар орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Көктамырлар канның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшыкеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын көктамыр қаны, алдымен ұсақ көктамырларға жиналады. Ұсақ көктамырлар өзара қосылып, ірі көктамырлар түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын көктамырлар жоғары және төменгі қуысты көктамырларға айналады. Бұл екі көктамырлар көктамыр қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.
Өкпеден келетін 4 өкпе көктамырлар сол жақ жүрекшеге күретамыр қанын тасиды.
көктамырларының ерекшелігі - ішінде жарты ай тәрізді қақпақшалары болады. Ол қақпақшалар қанның жүрекке қарай қозғалуына әсер етпейді, тек кері ағуына кедергі жасайды.
Күретамырлар
Көктамырлар
Қылтамырлар
1. Қанды жүректен алып шығып, мүшелерге таратады
Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды
Артериялар мен веналарды бір-бірімен байланыстырады
2. Қабырғасындағы бұлшықет талшықтары калың әрі серпінді
Қабырғасындагы бұлшықет талшықтары жұқа әрі нашар дамыған
Микроскопиялық өте ұсак, кабырғасы бір қабатты
3. Қан қысымы жоғары
Қан қысымы өте төмен
Қан қысымы шамалы
4. Көпшілігі тереңде бұлшықеттердің арасында жатады
Теріге жақын да, тереңде де жатады
Дененің барлық мүшелеріне таралады
5. Ең ірі күретамырлар: қолқа күретамыры және өкпе күретамыры
Ішіндегі қақпақшалар канды кері бағытка өткізбейді. Ең ірі көктамырлар - төменгі, жоғары куысты көктамырлар және 4 өкпе көктамыры
Қылтамырлар арқылы газ және заттар алмасады, қан баяу ағады, ұсақ күретамырлар мен ұсақ көктамырларды байланыстырады
Вена (лат. vena — көктамыр) — қанды организмнен жүрекке алып келетін ірі тамыр.
Вена қаны
Вена қаны (венозная кровь) - организмде зат алмасу процесі нәтижесінде түзілген көмір қышқыл газымен қаныққан қан.
Венула
Венула (лат. venula — көктамырша) — қан капиллярларының (гемокапиллярлардың) бір-бірімен өзара бірігулерінен түзілетін, орташа арнасы 30-50 мкм тең жіңішке қан тамыры.
Вена қантамырлары
Вена қантамырлары (латынша «vena» - қантамыр, сіңір) — мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан канды жүрекке тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұқсас веналардың да қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен, қабырғасы жұқа, жұмсақ, серпімділігі аз болады. Вена қантамырларының бір тобы терінің астына жақын орналаскандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Артерияларға қарағанда веналарда қан козғалысы вена қантамырлары орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Веналық кантамырларымен қанның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшықеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын вена қаны, алдымен ұсақ вена қантамырларына жиналады. Ұсақ вена қантамырлары өзара қосылып, ірі вена қантамырларын түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын вена қантамырлары жоғары және төменгі куысты вена қантамырларына айналады. Бүл екі вена қантамырлары вена қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.