3. Нормальдық (эквиваленттік) концентрация. Ерітіндінің 1 литрінде 1моль-эквивалент зат еріген ерітіндіні нормаль ерітінді деп атайды.
Ерітіндінің нормальдық (эквиваленттік) концентрациясын келесі формуламен анықтайды:
mзат
Сн= моль/л, немесе
MVf
mзат
Сн= моль/л, Э=Mf
MV
Мұндағы: Сн-нормальдық концентрация (моль/л);
mзат-еріген заттың граммен алынған массасы (г);
М-еріген заттың молі;
V-ертіндінің литрмен алынған көлемі;
f-заттың эквивалентік факторы;
Э-еріген заттың эквивалентік массасы.
Жұмыстардың орындалу реттілігі
1-тәжірибе. Концентрациясыжоғары натрий хлоридінің ерітіндісінен берілген NaCl-нің массалық үлесі бойынша көлемі белгілі ерітіндісін дайындау.
Төмендегі ерітінділерді дайындауүшін натрий хлоридінің массалық үлесі (NaCI)=22% (=1,164 г/см3) ерітіндісінің және судың қандай көлемі қажет екенін есептеңдер:
а) 50 мл, (NaCI) = 2%, = 1,014 г/см3
б) 60 мл, (NaCI) = 4% ,= 1,029 г/см3|
в) 70 мл, (КаСІ) = 6% ,= 1,044 г/см3
г)80 мл, (NaCI) = 8%,= 1,058 г/см3
д)90 мл, (NaCI) = 10% ,= 1,073 г/см3(
е)100 мл, (NaCI) = 12% ,= 1,089 г/см3
ж)110 мл, (NaCI) = 14%, = 1,104 г/см3
Натрий хлориді ерітіндісінің және судың қажетті көлемін есептеп, нәтижесін оқытушыға көрсетіп, ерітіндінің дайындауына кіріс. Ол үшін есептелген 22%-ті NaCI ерітіндісінің көлемін кішкене цилиндрмен өлшеп, оны үлкен цилиндрге құй. Содан кейін кішкене цилиндрді сумен шайып, оны да үлкен цилнндргеқұйып, цилиндрдегісуды керекті көлеміне дейін жеткіз (судылсоңғы жағын -тамшылатып құй).Дайындалған ерітіндіні шыны таяқшамен араластырьш оның тығыздығын ареометр көмегімен былай анықта:
Қажетті бөлігі бар ареометрді тұз ерітіндісіне абайлап батыр, ол цилиндрдің қабырғасына және түбіне тимей, қалқып тұруы керек (әйтпесе ареометр цилиндрдің түбіне ұрылып, сынуы мүмкін). Осы жағдайда, цилиндрдегітұз ерітіндісінің төменгі менискіне (деңгейіне) сәйкес келетін ареометрдің бөлігін (иемесе ерітіндінід тығыздығын) белгіле .
*Егер ареометр қажетті бөлігіне дейін
1.-сурет сұйықтықта батпаса, немесе батып, ерітіндідегі цилиндрдің түбіне тиіп тұрса, онда тығыздығын басқа бөлігі бар ареометрді алу керек.
2-тәжірибе. Берілген NaCI-нің массалық үлесі бойынша натрий хлоридінің ерітіндісін дайындау.
Төмендегі ерітінділерді дайындауүшін NaCI- нің және судың қажетті массасын есепте:
а)100 г (NaCI) = 6% ерітіндіні;
б)80 мл (NaCI) = 4% ерітіндіні;
в)55 мл (NaCI) = 2% ерітіндіні; г) 160мл (NaCI) = 8% ерітіндіні;
д)120 г(NaCI) = 10% ерітіндіні;
е)100 мл (NaCI) = 6% ерітіндіні;
ж)70 г (NaCI) = 4% ерітіндіні.
* ЕсептегендеXIқосымша кестені пайдаланыңдар.
Есептелгеп NaCI- нің массасын технохимиялық таразыда өлшеп алып, конус тәрізді колбаға сал. Оның үстіне, цилиндрмен өлшеп алынған, судың қажетті көлемін бұдан. Ерітіндіні жақсылап араластыр. Тұз әбден еріп болған соң, ерітіндіні колбадан цилиндрге құйып, оның тығыздығын ареометр көмегімен өлше (1-ші тәжірибедегідей).
Жеке тапсырмалар
Ерітіндідегі еріген заттың концентрациясын көрсету әдістері:
а) массалық үлес;
б) молярлық концентрация;
в) эквиваленте(нормальдық) концентрация;
г) титр.
Ұсынылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
1. А.И.Ниязбаева, Г.В.Абрамова "Химиялық эксперимент: техника және әдістемесі" оқу құралы Алматы 2012ж.
2. Жаналиева Р.Н. Химические и физико-химические методы анализа. Астана.,изд-во Фолиант, 2018г.
3 Жаналиева Р.Н.,Унгарбаева А.С. Жоғары мектепте химиялық экспериментті жүргізу әдістемесі. Шымкент, 2020
Достарыңызбен бөлісу: |