І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Түгелдеу.
Психологиялық ахуал туындату.
Балалар бір-біріне жақсы көңіл күй тілейді.
«Санамақ» тәсілі арқылы топтарға бөлінеді
ІІ. Сабақтың мақсаты және күтілетін нәтижелерімен таныстыру Ширату.
«Миға шабуыл» тәсілі арқылы үй тапсырмасын пысықтау
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауының мазмұнымен танысу.
Шығарманың тақырыбын ашу.
Тапсырма 1. Берілген өлең жолдарында не баяндалады?
2. Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауында ұрпағына нені аманат етеді?
3. Аманат сөзінің мағынасын қалай түсінесің?
Тапсырма. Ақынның арманы не? Өз ойларыңды толғаудан үзінді мысал ретінде келтіре отырып, дәлелдеп беріңдер.
Дескриптор: • Сұрақтарға жауап береді. • Өз ойын білдіреді.
Креативті жазу Оқушыларға Мұрат өлеңінен үзінді таратылады. Оқушылар ерекше әсер ететін көркем сөздер мен тіркестердің астын сызады, әр сөзге қысқаша түсінік жазады. Мұрат өлеңін оқи отырып, жанрын өзгертіп, әңгіме жазады. Қалыптастырушы бағалау Дескриптор: • үзіндіні қайта өңдейді • шығармашылығын танытады • креативті жазады