Сабақтың мақсаты: биоалуантүрлілік және экожүйе тұрақтылығы арасындағы байланысты анықтау. Биоалуантүрлілік



бет2/3
Дата19.06.2022
өлшемі311,94 Kb.
#37057
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Биоалуантүрлілік пен экожүйенің тұрақтылығы

Экожүйе тұрақтылығы. Абиотикалық факторлар жиыны бойынша тіршілік етуге жарамды кез келген аумаққа тірі ағзалар қоныстанады. Аумақты белгілі бір түрлердің мекендеу үдерісі сукцессия деп аталады. Жаңа мекен ортасын игерген алғашқы ағзаларға өсімдіктер жатады. Сукцессия барысында бірлестіктің (қауымдастықтың) түрлік құрамы мен мекен ортасының сипаты өзгереді. Өсімдіктерден кейін сукцессияға жануарлар дүниесінің өкілдері келеді, ал дамушы бірлестік (қауымдастық) түрлерге едәуір бай бола бастайды. Ол жердегі қоректік тізбек күрделеніп, тармақталады және қоректік торға айналады.
Сукцессия түрлік құрамы кейін шамалы өзгеретін тұрақты бірлестік (қауымдастық) түзілумен аяқталады. Сукцессия жылдамдығы осы жағдайға жақындаған сайын төмендейді. Үдеріс биоценоз элементтері мен физикалық орта арасында тепе-теңдік орнағанда шын мәнінде тоқтайды.
Бірлестіктің (қауымдастықтың) маңызды көрсеткіші оның бұзылуға сезімталдылық шамасы болып табылатын – тұрақтылық. Тұрақты деп өзінің ерекшеліктерін ұзақ уақыт бойы сақтауға қабілетті бірлестікті (қауымдастық) айтады.
Экожүйенің негізгі қасиеттері:
1) өзін-өзі реттеу;
2) тұрақтылық – сыртқы әсерлерден болатын өзгерістерге төзу қабілеті;
3) биологиялық өнім түзу қабілеті.
Экожүйенің маңызды қасиетіне өзін-өзі реттеу жатады. Ол әр түр дараларының саны белгілі бір, салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде сақталуынан көрінеді.
Экожүйенің биоалуантүрлілігі және тұрақтылығы. Экожүйенің тұрақты болуының маңызды көрсеткіші – оның ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз сақталу және жағымсыз әсерге қарсы тұру қабілеті; ол биоалуантүрлілік деп аталады. Тікелей тәуелділік бар: «экожүйеде ағзалардың неғұрлым көп алуан түрлері тіршілік етсе, оның тұрақтылығы соғұрлым жоғары болады». Себебі экологиялық сипаттамалары жақын алуан түрлер бір-бірінің санының ауытқуының ішінара орнын толтыра алады. Мысалы, тау бөктерінде жеке өсіп тұрған қарағай биоценозы экожүйесінің түрлік құрамы (және биомассасы да) шатқалда аз арақашықтықта өсіп тұрған сондай қарағайлар тобына қарағанда аз болады. Түрлік құрамы едәуір бай ылғалды экваторлық орман (джунгли, сельва) барынша тұрақты болады. Егер джунглиде адам өсімдікті жұлып, өзіне жол салса, мұндай әсердің орнын орман санаулы күндерде толтырады. Тіпті Вьетнамда АҚШ армиясы қолданған «Орандж» («Orange») сияқты қауіпті жауынгерлік улағыш заттың өзі тропиктік орман экожүйесін толығымен жоя алған жоқ, ол кейін толық қалпына келді.
Бірақ абиогендік жағдайлар (ылғал, температура, жарық мөлшері және т.б.) өзгерген кезде кез келген биоалуантүрлілігі бар экожүйеде өсімдіктің бір түрі жойылып, оның орнына басқа түр өсуі мүмкін екенін ескеру керек (§52-53 қараңдар). Фитоценоз зооценоз құрамын анықтайды, сәйкесінше жануарлардың түрлік құрамы өсімдіктердің түрлік құрамына тәуелді болады. Ең соңында экожүйе биоалуантүрлілігін абиотикалық факторлар мен зиянды антропогендік әсердің болмауы анықтайды.
Мысалы, үшбашпайлы жалқау аң (трехпалые ленивцы) улы ағаштардың кейбір түрлерімен қоректенеді, олардың улы жапырақтарын жеп, уды бейтараптауға мәжбүр. Нәтижесінде олардың зат алмасу үдерісі өте ұзақ болады. Сондықтан олар баяу қозғалады. Жалқау аң ағаштан түспейді, тіршілігінің 80%-ын ағашта өткізеді. Әр жалқау аңның бүкіл тіршілігін өткізетін өз ағашы болады. Осындай тіршілік нәтижесінде оларда қорек үшін бәсекелестік жойылды, оларды ешкім ауламайды (қоректенбейді). Бірақ жалқау аңның джунглиде мекендейтіні белгілі. Бұл жердегі экожүйеде әртүрлі жануарлардың көптеген түрлерінің қоректенуіне және көбеюіне мүмкіндік беретін су мен Күн жарығы мол. Джунгли сияқты экожүйеге қарама-қарсы шөл экожүйесі бар және экожүйеде су жеткіліксіздігінен аздаған түрлер тіршілік етеді және экожүйе тұрақсыздығына апарып соғады. Бірақ заманауи қоғамда антропоген фактор пайда болды. Алайда бұл фактор шөлге әсер етпейді және экономикалық тұрғыда тиімсіз өңір болып саналады. Адам әрдайым өсімдіктері көп, экожүйесі тұрақты, едәуір қолайлы ортаға келеді. Бірақ табиғат ресурстарын тиімді пайдалана алмайды. Адамдар ондаған жыл өскен ағаштарды бірнеше айда кесіп тастайды, жануарлардың кейбір түрлерін толық жойып жібереді. Осының бәрі ғаламшар экожүйесін бұзып, тіршілігі мол джунглидің өзі тұрақты экожүйесін жоғалтып, соның салдарынан жойылуы да мүмкін. Сондықтан әрбір адам табиғат алдында жауапкершілікті сезінуі керек. Бірінші кезекте, өз іс-әрекетінің табиғатқа қаншалықты пайдалы екенін ойлануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет