Сабақтың тақырыбы: Биоалуантүрлілік пен экожүйенің тұрақтылығы
арасындағы байланыс.
Сабақтың мақсаты: биоалуантүрлілік және экожүйе тұрақтылығы арасындағы байланысты анықтау.
Биоалуантүрлілік.Экологиялық жүйе – бұл үнемі өзара байланыста болатын және жансыз табиғат құрамбөліктерімен (атмосфера, гидросфера және литосфера) тікелей қарым-қатынаста болатын тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар) динамикалық және тұрақты қауымдастығы (бірлестігі). Экожүйе үздіксіз зат және энергия алмасу арқылы байланысты биотикалық (биоценоз) және абиотикалық (экотоп) бөліктерден тұрады. Оған Күн энергиясы, топырақтың минералды заттары, атмосфера газдары мен су жатады. Олар жылу, оттек, көмірқышқыл газы, су арқылы келетін биогенді заттар, ылғал және т.б. Экожүйе мен заттар айналымын сақтау үшін ағзалардың үш тобы: продуценттер, консументтер мен редуценттер болуы қажет.
Қазақстанда биоалуантүрлілікті сақтау үшін 1994 жылы Биологиялық алуантүрлілік туралы конвенцияға қол қойылды. Осы конвенция шегінде авторлар ұжымы (зоологтар мен ботаниктер) маңызды мемлекеттік құжат – «Биологиялық алуантүрлілікті сақтау және теңдестірілген пайдалану жөнінде ұлттық стратегия мен әрекет жоспарын» жасады (Көкшетау, 1999 ж.). Ол құжатта негізінен еліміздің биологиялық алуан-түрлілігі толық сипатталған. Мысалы, Қазақстан флорасында тек жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6 мыңнан астам түрі бар, оның ішінде 14% түр – Қазақстан эндемиктері, яғни олар дүниежүзінде басқа еш жерде жоқ тек біздің елімізде өседі. Олардың көбісі – реликт түр, яғни ерте геологиялық заманнан сақталып қалған. Олардың ішінде Шренк тобылғытүсі сияқты ерекше түр бар. Қазақстан фаунасында өз кезегінде жануарлардың шамамен 835 түрі бар. Олардың ішінде биологиялық алуантүрлілікті сақтау тұрғысынан мүлде ерекше қызығушылық туғызатын Қазақстандағы эндемик түрге 1938 ж. В.А. Селевин ашқан селевиния немесе қарақас туысы жатады. Бұл ХХ ғасырдағы ірі зоологиялық жаңалық болды. Батыс Тянь-Шаньдағы эндемик көксуыр (сурок Мензбира) да қызығушылық туғызады. Тұяқты жануарлар ішінде ежелгі реликт ақбөкен – ерекше жануар.