массасы қатынасына тең. «Химиялық эквивалент» түсінігі қосылыстарға
қолданылады.
Солай, қышқылдың химиялық эквиваленті сан бойынша оның молярлық
массасының негізіне бөлінуін айтамыз (сутегі иондарының саны), негіздің
химиялық эквиваленті-оның молярлық массасының қышқылдығына бөлінуін
(бейорганикалық негіздердегидроксильді топтардың санына), тұздың
химиялық эквиваленті- оның молярлық массасының катиондар немесе
аниондар зарядтарының қосындысына қатынасы болып табылады. Идеал газ
теңдеуі Идеал газ деп молекулалар арасында өзара әсерлесу күштері
болмайтын, жеке молекулалар көлемі ыдыс көлемімен салыстырғанда өте аз
және молекулалар арасындағы өзара соқтығысуы абсолют серпімді болатын
газды айтады. Идеал газдың жайын MKT тұрғысынан үш макроскопиялық
шамалардың (P,V,T) арасындағы байланысты қарастыратын теңдеу - идеал газ
күйінің теңдеуі деп аталады.
Химиялық реакциялардың пайда болу шарттары Химиялық реакциялар
басталуы және жүруі үшін белгілі бір жағдайлар қажет. Химиялық
реакцияның пайда болу және жүру жағдайларына мыналар жатады:
Реакция беретін заттарды жанасуға келтіру;
Заттарды белгілі бір температураға дейін қыздыру;
Жарық;
Электр тогы;
Қысымның өзгеруі;
Катализаторды енгізу.
Барлық жағдайлардың ішінде кез-келген химиялық реакциялар үшін
жалғыз міндетті шарт - реактивтердің жанасуы. Сонымен қатар, белгілі бір
химиялық реакциялардың пайда болуы мен жүруі үшін басқа жағдайлар қажет
болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: