Сабақтың мақсаты: Көркем мәтіндегі грамматикалық категорияның қызметін ажырату. Негізгі сұрақтар, тапсырмалар



бет1/6
Дата23.10.2022
өлшемі64,03 Kb.
#45065
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Көрк. мәтлинг. талдау 5



5-практикалық сабақ тақырыбы: Мәтін талдаудың лингвистикалық категориялары.
Сабақтың мақсаты: Көркем мәтіндегі грамматикалық категорияның қызметін ажырату.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:

  1. Мәтін категориясы - линвистикалық категория.

  2. Мәтіндегі грамматикалық категория.



Әдістемелік нұсқаулықтар:
Ұсынылған тапсырмалар негізінде берілген сұрақтарға дайындалып, өздерінің ой-пікірлерін білдіру. Жоғарыда аталған ерекшеліктерді шығармалардан алынған мысалдар негізінде түсіндіру.


Өткізу формасы: баяндау, сұрақ-жауап, талдау
Бағалау критерийлері:
Берілген әр мәселелерге толық, дұрыс жауап беруі, стильдік қателерге бой бермеуі, тақырыптың ашылуы, мысалдардың нақты болуы, практикалық тапсырмалардың дұрыс орындалуы, сөздік қорының мол болуы есепке алынады.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1,2,3,6,8,13.

Мәтінді зерделегенде ең алдымен категориялары бөлініп алынады.


Категория – заттар мен объективті әлем құбылыстарының барынша ортақ және елеулі қасиеттері, белгілері, байланыстары мен қатынастары көрсетілген ұғым, мәтіннің екі жақты сипаттағы көрінісі-құрылымдалуы мүмкін форма мен мазмұн бірлігі.
Мәтін категориясы-барлық мәтінге тән белгі, онсыз еш мәтін болмайды, яғни мәтіннің типологиялық белгісі.
Өз кезегінде мәтін белгілі бір дәрежеде шендестірілген категориялар жиынтығы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мынаны ескеру маңызды:
1) мәтін ешқашан бір мәтін категориясымен модельдендірілмейді, тек олардың жиынтығымен модельдендіріледі;
2) кез-келген мәтін категориясы функционалдық-семантикалық негізде бөлініп, мәтіннің өзінің «әмбебап мағынасын» танытады.
Олардың әрқайсысына бірыңғай Олардың әрқайсысына бірыңғай идеалдық мазмұн мен тіл жүйесі деңгейлерімен қатаң байланыспаған белгілі бір лингвистикалық манифестация тән.
Мәтін категорияларын функционалдық, семантикалық және стилистикалық деп ажыратуға болады.
Мәтін лингвистикасында даулы мәселелер көп, сондықтан да мәтін категориясы туралы мәселе де бірізді емес.
Ғалымдардың көпшілігі категорияларды мазмұндық және құрылымдық деп бөлуге даусыз келіскен (В. В. Одинцов, И. Р. Гальперин, З. Я. Тураева және т.б.). Алайда оларды бөлу принциптері, саны, бірқатар категориялардың атауы бір мәнді емес.
В. В. Одинцов мәтін құрылымында екі категорияны-мазмұн мен форманы бөледі. Ол мазмұн категориясына мазмұнның өзі, тақырыпты, шығарма идеясын, форма категориясына-композицияны, тілді, бейнелеу амалын жатқызады, ал сюжет мазмұн категориясы мен форма категориясын біріктіреді [ 10, 139].
И. Р. Гальперин мен З.Я. Тураева да мәтін категориясын мазмұн мен құрылымға бөледі. Алайда И. Р. Гальперин жекелеген категориялар әрі мазмұн, әрі құрылым категориясы (континуум, астарлы мәтінді ақпарат, т.б.) болғандықтан, олардың арасына сонша қатал жіктеу қоймайды. Ол келесі мәтін категорияларын белгілеп, сипаттаған: информативтілігі, мүшеленуі, когезия (мәтін ішіндегі байланыс), мәтін үзінділерінің автосемантиясы, континуум (кеңістік пен уақыт), ретроспекция мен проспекция, модальдылық, интеграция және тұйықтауды [1, 13].
З. Я. Тураева құрылымдық категорияларға тіркесуді (сцепление), интеграцияны, прогрессия/стагнацияны; мазмұндық категорияға-автор бейнесін, көркем кеңістік пен уақыт, информативтілік, себеп, мәтін астарын жатқызады [11, 80].
Т. В. Матвеева барлық мәтін категорияларын үш топқа бөледі:
1) желілік – мәтінде көрінетін бір функционалдық-семантикалық мәндегі тіл бірліктерінің тізбегі: тақырыптық тізбек, ой жүгірту тізбегі (мәтіннің логикалық мүшеленуі), проспекция/ (ретроспекция);
2) өрістік – семантиканың, тілдік құрамалар-тақырыптың айқындылығы, тональділік пен бағалау (субъективті модальділік), темпоральность (уақыт өрісі), локальность (кеңістік өрісі), акцентность (тональділікті, уақытты бағалаудағы қосымша белгілеу), субъективті ұйымдастыру (авторизация) сияқты сөйлеу бірліктерінің жиынтығы;
3) көлемдік – өрістік және желілік категориялардың есебінен модельдендірілетін құрылымдық сипаттағы категориялар: терминологиялық тұрғыдан – «коммуникативтік блок» [12, 16–20 б.].
Мәтін категорияларын ажыратуда, топтастыруда ең оңтайлы, түсінуге ыңғайлы – ол И. Р. Гальперин ұсынған жүйелендіру.
Сонымен, әртүрлі авторлар ұсынған мәтін категориялары сипаттамаларынан біз оқу құралында мәтіннің:
- информтивтілігі мен модальділігін;
- ондағы уақыт және кеңістік континуумын;
- автор бейнесін;
- байланыстылығы мен тұтастығын;
- интеграция мен тұйықтауын талқылаймыз.
2.2 Мәтіннің байласымдылығы мен тұтастығы
2.2.1 Мәтіндегі байланыс құралдары
Мәтінді бөлшектеу мәтін құрайтын бөлімдердің шығарманың бірлігін, тұтастығын сақтай отырып, қалай бірігетінін, сол сияқты айтылатын уақиғалардың, фактілердің, іс-қимылдардың үзіліссіздігін, континуумын қалай қамтамасыз етілетінін көрсетеді.
Мәтінді зерделеумен айналысатын зерттеушілердің бәрі мәтіндегі байланыс құралдарын бөледі, алайда осы байланыс құралдарын әр түрлі белгілер бойынша сипаттап, жіктейді. Әр түрлі формальды байланыс ретінде когезия (лат. cohaesus, cohesion – байланысты, тіркесті) және мәтінді басқа мәтіндерден тұтастық ретінде бөліп тұратын тұтастықтың мағыналық ұйымы ретінде когеренттілікті (лат. coraerens, coherence – байланыста тұрған) бөледі.
Л. М. Лосева формальды байланыс құралдарына сипаттама береді. Ол күрделі фразалық тұтастықта байланыстың жанаспалы, аралық және тізбелі түрлерін және грамматикалық байланыс құралдарын:
а) құрмалас сөйлемнің бөліктерін біріктіру, сол сияқты дербес сөйлемдер үшін ортақ (жалғаулық, демеулік, қыстырма-модаль сөздер, етістік-бастауыштың шақ түрі, есімдікпен және оны синониммен алмастыру және т.б.);
ә) дербес сөйлемдерді біріктіру үшін ғана қолданылатын фразааралық байланыс құралдарының өзін (сөйлем шегінде өзінің семантикасын ашпайтын сөздер мен сөз тіркестері, лексикалық қайталау, екі құрамды жай сөйлем формасындағы кейбір айтылымдар, жекелеген сұраулы және лепті сөйлемдер, атаулы көріністер);
б) бір-бірінен алшақ мәтіндік байланыстың қашықтық құралдарын (мысалы, көсемшелік орам) бөледі [13, 9–15 б.].
И. Р. Гальперин, Т. В. Матвеева, О. И. Москальская, Е. А. Реферовская құрылымдық та, мағыналық та байланыс құралдарын сипаттайды [1,74; 12, 21–27 б.; 5, 42–51 б.].
И. Р. Гальперин мәтіндегі байланыс түрлері мен құралдарын сипаттай келіп, когезия (яғни формальды байланыс құралдарына) терминіне басымдылық береді.
Алайда И. Р. Гальперин когезия деп континуумды қамтамасыз ететін «ерекше» байланыс түрлерін, яғни жекелеген хабарлардың, фактілердің, іс-қимылдардың т.с.с. логикалық сабақтастығын (темпоралды және/немесе мезгілдік), өзара тәуелділігін, яғни мағыналық байланыс құралдарын да түсіндіреді. И. Р. Гальперин күрделі фразалық тұтастықтағы грамматикалық байланыстың бес типін – тізбекті, параллельді, сәулелі, біріктіруші, жағдаяттық түрі туралы айтып, мәтіндегі байланыстың грамматикалық, логикалық, ассоциациялық, бейнелік, композициялық-құрылымдық, стилистикалық, ырғақ түзуші құралдарын бөледі.
Т. В. Матвеева мағыналық және құрылымдық байланыс құралдарын сипаттап, түрлі стильді мәтіндерде тақырыптық тізбелер мен ой желісінің тізбелерін бөледі.
О. И. Москальская монолог, диалог және аралас типті күрделі фразалық тұтастықтың мазмұндық, коммуникативтік және құрылымдық тұтастығын қамтамасыз ететін мағыналық, коммуникативтік және құрылымдық байланыс құралдарын бөліп, сипаттайды.
Қорыта келгенде, күрделі фразалық тұтастықта да, қомақтылау мәтін үзіндісінде де мағыналық (ассоциациялық пен бейнелік т.с.с.), коммуникативтік және құрылымдық (соның ішінде грамматикалық және логикалықпен қатар композициялық-құрылымдық, стилистикалық және ырғақ түзуші) байланыс құралдары негізгі байланыс құралдары болып табылады.
Мәтіннің мағыналық тұтастығы
Мәтіннің мағыналық тұтастығы оның тақырыбының біртұтастығымен анықталып, мәтіннің мағыналық ұясы, мәтіннің жинақталған мазмұны түсінігін береді. Тұтас сөз туындысының тақырыбы жеке тақырыптардың арифметикалық сомасы емес. Бұл көркем әдебиет жанрында барынша анық көрінеді.
Күрделі фразалық тұтастыққа кіретін тақырып ұсақ жеке тақырып болып табылады. Ол құрамына – сөйлемдерге кіретін ұсақ тақырыптардың қосындысы емес және одан әрі бөлшектенбейді.
Күрделі фразалық тұтастық монотақырыпты. Оны құрайтын сөйлемдерді бір тақырыптың маңайына шоғырландыру – оның мағыналық тұтастығының көрінісі. Айтылып өткендей, бір тақырыптан екіншісіне ауысу – бір күрделі фразалық тұтастықтың аяқталып, екіншісінің басталғанын білдіретін шекаралық белгі.
Күрделі фразалық тұтастық пен тұтас мәтін тақырыбының бір тұтастығы тақырыппен байланысты тірек сөздердің жүйелі қайталаушылығымен көрінеді. Жүйелі қайталаушылық оларды сөзбе-сөз қайталаудан, тақырыптық қолданылуында жақын және синоним сөздерді қолдануда, сол сияқты есімдіктенуден (есімдік тобына көшу) байқалады.
Көптеген ғалымдар топиктер (тақырыптар) мен топиктік тізбелер түзудің тілдік құралдарын: сөздерді немесе сөз тіркестерін қайталау, түрлендіріп қайталау, есімдіктік қайталау (зат есімнің орнына есімдік қолдану), эллипсистік қайталау (сөз тіркесі компоненттерінің бірінің түсіп қалуы), синонимдік іліп әкету (узуальды синонимдерді қолдану, композиттер мен оның компоненттерінің бірін түрлендіру, қосу қатынасымен байланысты сөздерді қолдану), тақырып немесе семантикалық ортақтасығымен байланысты сөздерді қолдану, антонимдерді қолдануды көрсетеді, топик (тақырып) элементін перифазалау ғылыми мәтіндерге көбірек тән.
Түрлі функциялық стильдегі тақырыптық тізбелердің айырықшылығын Т. В. Матвеева жан-жақты қарастырған. Т. В. Матвееваның пікірінше, мәтіннің тақырыбын бірінші тақырыптық тізбек (көбіне бейтарап, жалпылама қолданылатын сөзбен белгіленетін заттың тура атауы) және субституттер, синонимдер, есімдіктер жататын екінші (қосымша) тақырыптық тізбек көрсетеді [12, 21–35 б.].
Тақырыптың біртұтастығы күрделі фразалық тұтастық шеңберінде сәйкес сөздер референциясының барабарлығымен, яғни күрделі фразалық тұтастық бойында сол сөз бен оны алмастырушыны (есімдікті, синонимді және т.б.) шендестірумен қамтамасыз етіліп, күрделі фразалық тұтастық пен бірыңғай тақырыпта жалпы не жалқы есімнің орнына синоним не есімдік қолданылса да, әңгіменің бір зат туралы болып отырғанының түсінікті болуы.
Күрделі фразалық тұтастық тақырыбының біртұтастығымен және референцияның барабарлығы жағдаяттық байланыстарға немесе бөлшек пен тұтастықтың қатынасына негізделген импликация құбылысымен де байланысты. Әлдебір зат, әлдебір жағдаят туралы айтылғанда айтушының немесе тыңдаушының ойына солармен байланысты заттардың бар екені түседі.
Мәтінде негізінде тақырып айқындалатын тірек сөздің болмауы да мүмкін. Тақырыптың мәтін мазмұны элементтерді жинақталған ұғымға әкелу жолымен немесе жеке сипаттау негізінде құрылуы мүмкін. Ассоциациялық когезияның негізінде коннотация, ретроспекция, субъективті – бағалау модальділігі жатады. Ассоциациялық когезия әрдайым сезіле бермейді. Алайда ол мазмұндық-контекстуалды ақпаратты ашу үшін маңызды сипатталушы құбылыстардың арасындағы байланысты анықтайды.
Ассоциациялық когезия коннотациядан басқа негізде жүзеге асады. Есіне түскені, соған ұқсас, ойына оралды, жадын жаңғыртты сияқты сөздер ассоциациялық когезияның вербальды сигналдары болып табылады.
Көркем шығармада ассоциация аяқ астынан тумайды. Ол – логикалық тіректері байланыспайтын, алыс түсініктер сипатталған құбылыстар арасындағы түсінікті байланысқа айналатын көркем шығармашылық үдерістің нәтижесі.
Халық поэзиясында когезияның ассоциациялық формалары табиғат құбылыстарын адамдардың қатынасына ұқсастандырумен құрылады.
Когезияның ассоциациялық формалары сол мәтіннің шегінен шығып, түсінуді қиындатады. Мәселен, аллюзия – ең алдымен ассоциациялық когезияның формасы.
Когезияның ассоциациялық формалары негізінен көркем әдебиетке тән, публицистикалық мәтінде жиі кездеседі, алайда әдетте оған ғылыми және іскерлік сипаттағы мәтіндердің композициясында орын табылмайды. Ассоциациялық ұғымның енуі тілдің функциялық стильдерінің біртұтастығын бұзып, ыдырауына соқтырады, себебі ассоциациялық когезия құбылыстардың арасын әлдеқалай шығармашылықпен пайымдауды талап етеді.
Ассоциациялық когезиямен ұштасып, ақиқаттың сезім арқылы қабылданатын объектілері туралы түсінік оятатын байланыс түрлерін И. Р. Гальперин бейнелік когезия деп түсіндіреді. Сөзбен бейнелеу-синтетикалық бейненің алғашқы элементі. Бейненің сезімдік көркі сөзбен жасалып, сөз арқылы көрінеді. Бейнелік когезияның өте белгілі формаларының бірі – ұлғайған метафора. Алайда бейнені тек метафора емес, көркем мәтіннің кез-келген сөзі жасай алады. Көркем сөзде әрбір элемент бейнелі. Оның мәтінде өзектендірілуі мүмкін. Өзектендіруге барлық тілдік деңгейлердің – фонетикалық (аллитерация, ассонанс, ырғақ, метр т.б.), орфографиялық (сөздің көпшілік қабылдаған графикалық бейнесін-графонды саналы түрде бұзу), морфемалық (морфемалардың жаңа тіркестерімен, қайталануымен берілген) деңгейлердің бірліктері қатысады. Алайда, өзектендірудің негізгі көзі – лексикалық деңгей: тірек және тақырыптық сөздерді бірнеше рет қайталау; сөздің жеке-көркемдік мәнін (контексуалды мәндісін) қолдану; тропалардың негізінде жатқан атауларды көшіру (метафоралар, метонимиялар, синекдохалар т.б.) [1, 80–81 б.]. Бейнелік когезияның ерекшелігі автордың заттар мен ақиқат құбылыстарын емес, солардың бейнелерін ұқсастыруында.
Таза лингвистикалық тұрғыда бейнелілік әлдебір абстракты ұғымды нақты заттардың, құбылыстардың, ақиқат үдерістерінің атауында және керісінше, әлдебір нақты заттарды немесе ұғымдарды абстрактылы немесе басқа нақты ұғымдардың атауында жаңғыртудың тілдік құралы. Осылайша хабарды қосарлы қабылдауға қол жеткізіледі, онда контекстке қарай біреуі басым болғанмен екіншісі шеттетіліп қалмайды.
Әдебиет кейіпкерінің бейнесін тілдік бейнемен барабар етуге болмайды. Абстракциялау фактісі оларға ортақ. Алайда нақтыны абстракцияға, сол сияқты абстракцияны нақтылыққа айналдыру тәсілдері, түрлері мен құралдары бір-бірінен мүлде өзгеше. Бейне – ақиқатты нақты, дара құбылыс түрінде көркем жинақтап қабылдау формасы. Қабылдау қосарлығы – бейнені эксплицитті және имплицитті дамытуға тән ерекшелік болып табылады. Абстрактылық пен нақтылық бейнеде қатар жүреді.
Барлық бейнелер бір ортақ оймен байланысты. Көркем шығарманың барлық элементтерінің өзара байланысы мен өзара шарттылығы оның бейнелік жүйесін құрайды. Онда кейіпкерлер бейнесі басты орында. Автордың немесе кейіпкердің эмоциялық-психологиялық жай-күйін жеткізу функциясына ие болғанда пейзаж көркем бейнеге айналады. Пейзаж өнерде бір-біріне қарсы екі функцияға ие, ол кейіпкердің табиғатпен үйлесімділігін немесе олардың антагонизмін танытады.
Нақты фон функциясын зат бейнелері – жағдай, төңіректі заттар да атқара алады. Кейіпкер бейнесіне бағынышты зат бейнесінің басты функциясы – кейіпкерді нақтыландыру, дараландыру.
Адамдардың табиғатты қабылдауында әлдебір ортақтық бар, мысалы, көлеңкелі тоғай суретін көргенде тыныштықты сезінгендей боламыз. Киген кіиімі, ұстаған заттарына қарап, кісінің талғамын, мінезін білгендейміз.
Кейіпкерлердің, табиғаттың, заттың бейнесі контекст шеңберінде шоғырланған сөздік бейнелердің негізінде біртіндеп жасақталады.
Дегенмен мәтіндегі бейнелік когезияның сипатын ақиқаттың бейнелік суретінің формаларын тыңғылықты талдаудың көмегімен ғана көруге болады.

Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі. Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет атқарады. Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. Грамматикалық категорияны анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны бірінші қатарға шығару кең тараған. Шынында, грамматикалық категорияның ен басты белгісі мағынасы мен тұлғасының бірлігі болып табылады. Одан грамматикалық категорияның екі жақты сипаты көрінеді.


Грамматикалық категория морфологиялық және синтаксистік болып бөлінеді. Морфологиялық категорияларға етіс, түр, шақ, жақ, рай, септік т. б. жатады. Бұл категориялардың жүйелі түрлері сөздердін ірі грамматикалық топтарын (сөз таптарын) жасайды. Тілдерде грамматикалық категориялардың саны бірдей емес. Мысалы, қазақ тілінде орыс тіліндегідей вид, род категориялары жоқ.
Синтаксистік категориялар тұлғалардың сөз тіркесі мен сөйлем құрамында тіркесу қабілетіне қарай жіктеледі. Грамматикалық категория ұғымы негізінен морфологиялық материал негізінде қалыптасқан да, ал синтаксистік материал негізінде жетімсіз талданған, Грамматикалық категория ұғымының синтаксиске қатысты қолдану шегі әлі айқын емес деген пікір бар. Грамматикалық категория ұғымына байланысты әлем тілдері бір-бірінен:
Грамматикалық категорияның саны мен құрамына карай;
Бір грамматикалық категорияның ішіндегі қарама-қарсы тұрған мүшелер санына қарай (мысалы, септік жалғаулары орыс тілінде — 6, қазақ тілінде — 7, кейбір дағыстан тілдерінде 40-ка дейін);
Белгілі бір категориялардың қандай сөз таптарына кіретініне қарай жіктеледі.
Грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единица) деген ұғым грамматикалық категориямен тікелей байланысты. Бұл мәселе жөнінде тіл білімінде эр түрлі көзқарас бар. Бірқатар ғалымдар грамматикалық құрылыстың тілдік бірлігі (единицасы) морфема деп, енді бірсыпырасы — сөз деп пайымдайды. Ал, A.M.Пешковский, Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, А. И. Смирниикий еңбектерінде грамматикалық құрылыстын бірлігі грамматикалық категориялар деген пікір қалыптаскан.[


  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет