Сабақтың мақсаты: Көркем мәтіндегі грамматикалық категорияның қызметін ажырату. Негізгі сұрақтар, тапсырмалар


ЗЕЙНОЛЛА ҚАБДОЛОВТЫҢ ӘСЕМДІК ӘЛЕМІ



бет3/6
Дата23.10.2022
өлшемі64,03 Kb.
#45065
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Көрк. мәтлинг. талдау 5

ЗЕЙНОЛЛА ҚАБДОЛОВТЫҢ ӘСЕМДІК ӘЛЕМІ

Әсемдік - сөз өнерінің аса айрықша және маңызды сапалық қасиеттерінің бірі.


Сөз өнеріндегі әсемдіктің тегі мен түрі, тарихи даму заңдылықтары, құрамдас бөліктері, қоғамдық мәні, мәдени-әлеуметтік қызметі - сөз өнері туралы ғылымның, басқаша айтқанда, әдебиеттанудың бірден-бір зерттеу пәні. Сөз өнерін, жалпы өнер жайын зерттеуші ғалымдар әсемдік пен әдемілік туралы ойларын біздің дәуірімізден бұрынғы ғасырлардан бастап таратады. «Адам баласының, соған сабақтас көркемдік пен көріксіздік, ерлік пен ездік, жақсылық пен жамандық, білімдарлық пен надандық туралы талаптары тіпті б.э.б. 3-2 мыңыншы жылдарда туып, тұрлаулы ұғымға айнала бастаған» [1, 58], - деп жазады З.Қабдолов. Әдебиеттегі әсемдік пен әдемілік туралы талаптар мен ұғымдар ерте-ертеден бүгінгі заманымызға дейін ұдайы даму үстінде. Бірақ әдебиеттегі әсемдік пен әдемілік туралы талаптар мен ұғымдардың дамуы бір басқа да, сол даму негізінде жасалған теория бір басқа. З.Қабдолов әдебиетке, жалпы өнерге тән әсемдік пен әдемілік хақындағы қағидалардың ерте дәуірден бүгінге дейінгі даму заңдылықтары негізінде қазақ сөз өнерінің жаңа теориясын жасады. Әдебиеттану - табиғаты тамаша ғылым. Оның ерекшелігі негізіндегі жарығы пен жылуында. Әдебиеттануға әркімнің де таласы бар. Оған біреу талантымен келеді, біреу талабымен келеді, енді біреу әуестікпен келеді. Содан олардың әрқайсысы өз көзіне лайықты жарық, өз көңіліне лайықты жылу тауып алған болып жүреді. Бірақ олардың табиғаты өзгермейді: талант талантын ашады, талапты талабын ұштайды, әуесқой әуесқой қалпын сақтайды. Әдебиет пен әдебиеттануға бұлардың бәрі қызмет етеді. Бәрі де өздерін әдебиетші санайды. Біз өз ойымызды олардың бәрі туралы емес, әдебиеттанудағы талант туралы сөзден бастасақ дейміз. Әдебиеттанудағы талант әдебиетші емес. Ол - әдебиеттанушы. Әдебиеттанушы - табиғаты тамаша тұлға. Оның ерекшелігі жанындағы жылу мен жүрегіндегі жарықта. Ол әдебиеттануға әдебиеттің негізіндегі жарыққа жарық қосамын, әдебиеттің негізіндегі жылуға жылу қосамын деп келеді. Ол әдебиеттен де, әдебиеттанудан алмайды. Ол әдебиетке де, әдебиеттануға да алып кетуге келмейді. Ол әдебиетке де, әдебиеттануға да жанындағы жылуын, жүрегіндегі жарығын беріп кетуге келеді. Әдебиет пен әдебиеттанудығы талант табиғатының тамашалығы осында. З.Қабдолов біздің есімізде осындай тамаша тұлға болып қалды. Зейнолла Қабдолов сөз өнерінің теориялық негізін қалады, көркем сөздің эстетикалық сырын барлады, әдебиеттің әсемдік әлемінде парлады. Ол сөз өнерінің негізіндегі жарыққа жарық қосты, сөз өнерінің негізіндегі жылуға қызу қосты. Ол әдебиет пен әдебиеттануға жылуы мен жарығын б өзара тығыз байланыстағы процестер қатарына жатады. Бұл ретте мынаны ескеруге тура келеді: өмір шындығынан өнер шындығын жасау заңдылықтары - біздің санамыздан тыс тыс тұрған объективті құбылыс. Адам санасы, зерттеуші зердесі бұл заңдылықтарды тану жолында ұдайы қызмет етеді. Жеке суреткердің әсемдік әлемі жалпы емес, жалқы құбылыстардың қатарына жатады. Сөйте тұра оның болмысын жалпыдан бөле-жарып алып тану мүмкін емес. Жекенің - жалпыға, жалпының жекеге қатынасын, жекенің табиғатындағы жалпының жайын, жалпының құрамындағы жекенің халін тарихи таным аясында таразылағанда ғана дәйекті тұжырымдар жасауға болады. Ал З.Қабдоловтың әсемдік әлемінің категорияларына келетін болсақ, олардың болмыс-бітімі тектес басқа құбылыстардың ешбіріне ұқсамайды, жалқы сипатымен ерекшеленеді: жалқы, дара, дамиды, толысады, жетіледі. Сондықтан оларды тарихи ұстаным тұрғысынан қарастыруға тура келеді. Тарихи ұстаным тұрғысынан қарастыру құбылысты жеке-дара алып пайымдау дегенді білдірмейді. Осы орайда Қабдоловтың эстетикалық әлеміне тән категориялар аясындағы мына бір ұстанымға назар аударайық. З.Қабдолов: «Әдебиет - ардың ісі»,- деп білді. Бүгінде біз де осы ойды ұстанып жүрміз. З.Қабдоловқа дейін де осы пікірді айтқан тарихи тұлғалар болуы мүмкін. Бірақ З.Қабдоловтың айтуы бір басқа да, өзгелердің айтуы бір басқа. З.Қабдолов, әдеттегісіндей, бұл ұстанымын да ешкімге ұқсамай, ешкімге ұқсатпай, тек өзінше, Қабдоловша ғана айтты, жанының жылуы мен қызуына, жүрегінің жарығы мен сәулесіне бөлеп айтты. З.Қабдолов айтқан, З.Қабдолов ұстанған мұндай ұстанымдар мен эстетикалық көзқарастардың негізінде жалғас, сабақтас айтылған сөздер мен ойлардың бір-біріне сәуле шашқан, сөйтіп нұрланған, нұры тасыған күйі жатыр. Екіншіден, академикжазушы өзіне дейінгілерден қалған, өзінен де қалатын, қалған жалған дүниеден бұрын өзінің сөз өнерінің тағдырын ойлаған, ойлаған да қиналған. Ойланған сайын ғалым ретінде сөз өнерінің қасиетін таныған үстіне тани түскен, ұққан үстіне ұға түскен, суреткер ретінде өз ісіне деген ұлы жауапкершілікті сезген үстіне сезе түскен [1, 150]. Сондықтан да әдебиеттің ардың ісі екендігі туралы ұстаным З.Қабдоловтың әсемдік әлемінің категорияларының сыны мен сымбатын, мәні мен мәнісін, мазмұны мен мағынасын ұйыстырушы, тұтастырушы, сөйтіп біртұтас құбылысқа айналдырушы айрықша эстетикалық құндылық ретінде дараланады. З.Қабдолов әлемінің эстетикалық категориялары әсемдік пен әдемілікті танудың әдістері мен тәсілдерін ғана айқындап қоймайды, сонымен қатар оларды бағалаудың да өлшемдерін белгілеп, жолдарын анықтайды. Бүгінде әдеби шығарманы, әдеби процесті, әдеби даму заңдылықтарын З.Қабдоловтың әсемдік әлемінің категорияларынан тыс танып, таразылау мүмкін емес. З.Қабдоловтың әсемдік әлемі сұлу, әдемі, келісті. З.Қабдолов әлемінің эстетикалық категориялары - еліміздің мәдени-әлеуметтік құндылықтарының асыл қорына қосылған мазмұнды да мәнді интеллектуалдық байлық. Олар өмір шындығынан өнер туындысын жасаудың амалдары мен тәсілдерінің, өмір заңдылықтарын көркем суреттеудің шығармашылық қағидаларының өзара сабақтастығы деңгейінде көрініс тапқан күрделі тұтастық болып табылады. Сондықтан қаламгер әлемінің категорияларының мәнін тану мен өмір заңдылықтарының бейнелену қағидаларын пайымдау - өзара тығыз байланысты ірі де іргелі процесс. Осы тұрғыдан келгенде, өмір құбылыстарының бейнелену заңдылықтарын пайымдамайынша, суреткердің әсемдік әлемінің категорияларын тану мүмкін емес. Суреткердің әсемдік әлемінің категорияларын пайымдамайынша, өмір шындығының өнер туындысына айналу заңдылықтарын тану да қиын. Бұл жерде кешенді, жүйелі ұстаным қажет екені даусыз. Өйткені Қабдолов әлемінде сөз өнерінің теориясы дегеніміздің өзі категориялар жүйесі, категориялар жүйесінің тұтастығы ретінде көрініс береді. Сөз өнерінің туындысы - сөз өнері туралы ғылымның, сөз өнері туралы эстетикалық ойлар жүйесінің басты өзегі. Ол, әуелі, суреткердің шығармашылық еңбегінің жемісі, екіншіден, эстетикалық қабылдау нысаны, үшіншіден, эстетикалық парықтау мен пайымдау пәні болып табылады. Сөз өнерінің болмысы мен бітімін осы жүйеде бағдарлаған абзал. З.Қабдолов сөз өнерінің болмысы мен бітімін осы жүйеде бағдарлап қана қоймай, осы жүйеде сөз өнерінің теориясын жасады. Теория дегенде, кісінің ойында белгілі құбылыстар жайында жинақталған қисындар мен қағидалар жүйесі тұрады. Қисын да, қағида да суреттен, сезімнен ада, дәлелдер мен дәйектерге ғана негізделеді. Олардан эстетикалық мән тапқанымызбен, эстетикалық әр таппаймыз. Бұл - әлімсақтан белгілі жай. З.Қабдоловтың сөз өнері туралы қисындары мен қағидаларында, тұтас теориясында эстетикалық мән мен эстетикалық әр дарияның екі жағасы секілді бір-бірінен жұп жазбайды.Зекең сөз өнерінің теориясы туралы қисындарын да сөз өнері туралы сөзден бастайтын... Университет аудиториясы. Емтихан жүріп жатыр. Әдебиет пәнінің қарт профессоры алдында шәкірт емтихан билетінің сұрағына жауап беріп отыр. Бірінші сауал Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» романы. Шәкірттің жауабына қанағаттана қоймаған ұстаз: «- Шырағым, сен өзің көркем әдебиет дегеннің не екенін анық білесің бе? Шәкірт шамданды: - Түу, ағай, неге білмейін... - Білсең айта қойшы: әдебиет деген не? - Е, оның не айтатыны бар? Әдебиет деген әдебиет. Енді екеуі де үнсіз еді» [1, 16]. Дәл осындай жағдай бүгінгі күні де қайталанғаны бар. Мемлекеттік емтихан. Студент әдебиеттен мемлекеттік емтихан тапсырып отыр. Студенттің жауабына қанағаттана қоймаған қарт академик бағдарлаушы сұрақ қойып, студентті «жетектегісі» келіп: - Шырағым, романның жанрлық ерекшеліктері туралы айтшы, - десе керек. Сонда студент академикке бажырая қарап, мынаны айтады: - Ал мен не айтып отырмын? Екі түрлі кезең. Бірі - ХХ ғасыр, екіншісі - ХХІ ғасыр. Екі түрлі кезеңнің екі шәкірті. Екі түрлі кезеңнің екі ұстазы. Мазмұн бір. Мағына бірдей. Ұғым, әдебиет туралы түсінік те сол қалпы. «Амал не, жағдай осындай» [1, 16]. Кейінгі академиктің көкейінде де осы ой кеткен болар-ау. «Жә, сонымен, әдебиет дегеніміз не: от па, су ма? Шынында да «поэзияны біреу су десе, біреу от дейді» (Белинский). Әрине, әдебиет су да емес, от та емес. Әдебиет - өнер... Әдебиет - сөз өнері» [1, 16-17]. Ғалым әдебиет туралы теориялық пікірін жалқыдан жалпыға, нақты құбылыстан абстрактылы ұғымға қарай дамыта отырып түйіндейді. Теориялық қисын, қағида негіздеу дегеніміз - осы. Осы қағиданы дәйектеу үшін ғалым өмірде болған шындық оқиғаның суретін жасайды. Сурет негізінде теориялық қисын ұсынады. Сурет жағымды болмаса да жұғымды, әдемі болмаса да әсерлі. Қисын дәлелді, дәйекті. Нәтижесінде теория нәрлі әрі әрлі болып шыққан. Сондықтан да ол көкейге сезімді қозғап, ойды балқытып келіп қонады. Әдеби шығарманың тақырыбы туралы қағидасын қалыптастыру барысындағы талдауларын ғалым жалпыдан бастайды. «Әдеби шығарма туралы әңгімені тақырыптан бастаған жөн. Өйткені тақырып - өнер туындысының іргетасы»[1, 157],- дейді ғұлама. Тақырып туралы пікір осылай жинақталалып, тұжырылады да, содан кейін осы қағидаға негіз болатын жалқы, нақты құбылыстар деңгейінде терең эстетикалық талдаулар жасалады. Сол талдауларды жинақтау нәтижесінде тақырып туралы жаңа деңгейдегі теориялық қағида туады: «Жазушының шындық болмыстан таідап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дер едік» [1, 159]. Әуелгі қағиданы, белгілі құбылыс туралы жалпы ұғым сипатында қабылдар болсақ, мына қағиданы сол құбылыс туралы нақты ұғым ретінде қабылдауға болады. Кейінгі анықтама, нақты бола тұра барынша абстракцияланған, сондықтан да оның теориялық маңызы мен мәні алдыңғыдан гөрі әлдеқайда терең. Жалпыдан жалқыға, одан неғұрлым биік деңгейдегі жалпыға, дерексізден деректіге, одан неғұрлым биік деңгейдегі дерексізге ауысудың мұндай үлгілері - ғылыми танымдағы тереңдіктің, талдау мен жинақтаудағы, ойлау мен ой қорытудағы шеберліктің нәтижесі. Осындай тереңдік пен осындай шеберлік сөз өнері туралы теориялар жүйесінің басқа желілеріндегі қисындар мен қағидалардың да келісті мазмұн, кемел пішінмен толық негізделуін қамтамасыз еткен. Қабдоловтың әсемдік әлемінің сәні мен салтанатын асырып тұрған қасиет Жасағанның бейісінің ғажайыбындай алуан түрлі нұр төгіп құлпырады. Сөз өнері туралы сөз, сөз өнері жайлы ғылым, сөзбен сомдалған тұлға, сөзбен шыңдалған шындық, сөз сыры, сөз сарасы, сөз өнеріндегі тек пен түр, сөз өнеріндегі бет пен бағыт... - осылардың бәрін құлпыртып, осылардың бәрінің ажарын ашып тұрған қасиет суреткер, әдебиеттанушы ғұлама тұлғаның жанынан тараған жылу мен жүрегінен шыққан жарықтың құдіретімен тұтасады. Ғылымның тілімен айтсақ, осылардың бәрі суреткердің өмірдегі шындық болмысқа эстетикалық қатынасына, шындық болмыстан өнер туындысын жасау жолындағы шығармашылық ұстанымына, талант табиғатына негізделеді. Сондықтан да әдебиеттану ғылымы мен эстетика үшін, әдебиет пен өнер үшін біз айтып отырған құдіреттің де, қасиеттің де маңызы мен мәні зор. Оларда академик-жазушының көркемдікэстетикалық танымы мен шығармашылық даралығы бар, суреткердің көркем шығармасына арқау етер өмір құбылыстарын таңдауы мен талғауындағы, байқауы мен бағалауындағы, жинақтауы мен даралауындағы эстетикалық заңдылықтардың сырына деген биік көзқарас бар. Сондықтан Қабдоловтың әсемдік әлемінің сыры мен қырын, әсемдік категорияларын тану мен таразылау әдеби ойдың дамуының бүгінгі талаптарымен өзектес көкейкесті мәселе болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет