Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысын біледі. Бағалау критерийі



бет2/4
Дата11.12.2023
өлшемі25,42 Kb.
#137273
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1543859921 2

Мұғалімнің түсіндіруі.
Өсімдіктер фотосинтез үдерісі кезінде Күн сәу­лесінің энергиясын қоректік зат энергиясына айнал­дырады. Жануарлар өсімдіктермен қоректенген кез­де сол қоректік заттарды бойына сіңіреді. Өсімдіктер фотосинтез үдерісінде көмірқышқыл газды оттекке айналдырады.
Өсімдік тұқымын таратуда жануарлардың маңызы зор. Жорғаторғай мен тиін қысқа құрғақ жеміс жинай­ды. Бір жерден екінші жерге жасырып жүріп, оларды жоғалтады, орнын ұмытып қалады. Бұл жемістерден жаңа өсімдік өсіп шығады.
Түйежапырақ, итошаған сияқты өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың жүніне жабысып, басқа жерге түсіп қалады. Жолжелкен сияқты шөптесін өсімдік тұқымдары сүтқоректі жануарлардың тұяқта­рына жабысу арқылы таралады.
Зертте. Бұл тапсырманы орындау үшін жануарларға кейбір мүшелері пайдалы өсімдіктер туралы мәліметтер жазылып дайындалған үлестірме парақшаларды тарату керек. Плакаттың бір бөлі­гінің жоғарғы жағына «Өсімдік», екінші жағына «Жануарларға пайдасы» деп жазылады. Жеке бір топқа үлестірме парақшаларды екіге бөліп, әрқайсысына жарты мәтіннен беріледі.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Әрбір оқушы ақпаратпен дұрыстап танысуы тиіс. Қажет болған жағдайда энциклопедиядан қо­сымша мәліметтерді оқу.
• Плакаттың бір бөлігіне өсімдік сипаттамасы жазылған кестені жапсыру. Керісінше, екінші бөлі­гіне өсімдіктің бөліктерін және олардың жануар­ларға пайдасын жазу. Мысалы, жусан – жапы­рақ – қорек.
• Алынған ақпаратпен топ ішінде алмасу.
• Талдау жасау.
Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.
Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?
Бөріжөкенің суретін көрсетіп, оның улы өсімдік екенін айту. Оны жануарлар жемейтінін, тек құстар ғана оның жидегімен қорек­тенетінін айту. Оның улы өсімдік екенін, денсау­лыққа зиян екенін ескерту.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.
20-жұмыс парағы. «Өсімдіктер мен жануар-
лардың өзара байланысы», 22-б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет