Физика әлеміне саяхат Сабақтың мақсаты: Оқушылардың физика пәнінен білім дәрежелерін жетілдіре түсу.
Оқушыларды формулаға, есеп шығаруға, құрал жабдықтармен жұмыс істеуге белсенділігін арттыру.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың физика пәнінен алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу. Мақал – мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалануға , қызықты логикалық есептерді шығара білуге , ойлау қабілетін дамытуға баулу . Оқушының ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтуға, достыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, білім сайысы. Көрнекілік: слайд, интерактивті тақта, бейнероликтер. Безендірілуі: Шарлар, гүлдер, тақырыпқа орай жасалған ұлағатты сөздер. Сайыстыңтың жоспары: 1. Таныстыру 2. Кім жылдам 3. Қалжыңы мен әзілі аралас физика 4. Мақал – мәтелдер (сәйкестендіру) 5. Сиқырға толы физика Жүргізуші: Физика ғылым болғалы,
Пайдасын елге тигізді:
Машина, темір арбаны,
Алысқа жылдам жүргізді.
Жарыққып жерді қараңғы,
От жақпай суды қайнатты.
Шөліркеген далаңды,
Су жеткізіп жайнатты.
Мың шақырым қашықта,
Сөйлеген жанды үйінде,
Сыйғызып көк қапшыққа,
Көрсетті сол бір күйінде
Армысыздар, құрметті бүгінгі кеш қатысушылары мен қонақтары! Бүгін 10 -11 сыныптар арасында өтетін «Физика және өмір» атты кешімізге қош келдіңіздер!
атысушылармен таныс болсақ, ойынымыздың кезеңдерімен танысайық.
Жеребе арқылы топтарға бөлінулеріңіз сұралады.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылы құтты болсын. Бүгін біз 10-11 сыныптар арасында мектебіміздің үздік көшбасшысын анықтағалы отырмыз. Тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы көшбасшысы, еліміздің тірегі Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің көшбасшы болу жолындағы ерекше қабілеттері сипатталатын кинодан үзіндіні назарларыңызға ұсынамыз.
1 кезең. Таныстыру 2 кезең. Кім жылдам 3 кезең. Қалжыңы мен әзілі аралас физика 4 кезең. Мақал – мәтелдер (сәйкестендіру) 5 кезең. Сиқырға толы физика Ойын кезеңдерімен таныссақ ойынымызды бастайық